• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ақтауда жаңа стадион және ауылдық жерлерде бірнеше футбол алаңдарын салу жоспарланған

Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Қазақстан футбол федерациясының басшысымен кездесті.
Жүздесуде ҚФФ басшысы Әділет Барменқұлов инфрақұрылымды жақсарту үшін УЕФА-мен бірлістікте футбол алаңдарын жаңарту бағдарламасының маңыздылығына тоқталып өтті. Сондай-ақ, ауыл жастарының футбол машықтарын дамыту үшін Маңғыстау облысындағы екі ауылда футбол алаңдарының құрылысы жоспарланғанын айтты, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Кездесу барысында Нұрлан Ноғаев пен ҚФФ басшысы Әділет Барменқұлов өңірдегі бұқаралық футболды дамыту бойынша қабылданып жатқан шараларды талқылады. Әділет Барменқұлов облыста жүзеге асырылатын негізгі бағдарламаларға тоқталып өтті. 

- Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, өңірлерде бұқаралық футболды дамыту федерацияның алға қойған басым міндеттерінің болып табылады. УЕФА-мен бірлескен футбол алаңдарын жаңарту бағдарламасы өңірлердегі футбол инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған. Біз жаңа және жаңғыртудан өткен футбол алаңдары арқылы бұл ойынды қол жетімді етуге тырысамыз. Аймақ басшыларымен бірлесіп, бағдарламаны сапалы жүзеге асыру үшін үлкен жұмыс жүргізуді жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ Маңғыстау облысының екі ауылында футбол алаңдарын салу жоспарда бар. «Ауылдардағы Футбол» бағдарламасы аясында ауыл жастары өздерінің футбол машықтарын дамытуға мүмкіндік алады, - деп атап өтті ҚФФ президенті. 

Өңірдегі футболды дамытудағы тағы бір маңызды бағыт футбол клубтарын басқарудың сапасын арттыру болмақ. 

- Мен «Каспий» футбол клубы футбол менеджерлерінің құзыреттілік деңгейін арттыру бойынша ҚФФ бағдарламасына қатысатын алты клубтың біріншісі болатынын хабарлауға қуаныштымын. Бұл бағдарлама футбол клубтарын басқарудағы кәсібилік деңгейін арттыруға арналған, - деді Әділет Барменқұлов. 

Нұрлан Ноғаев салауатты өмір салтын насихаттаудың маңыздылығына тоқталып өтті. 

- Халық денсаулығына қамқорлық жасау-біздің басты міндетіміз, сондықтан бұқаралық спортты белсенді түрде насихаттау және тиісті инфрақұрылымды дамыту өте маңызды. 
Облыс әкімдігі спорт нысандарын ұлғайту және қолданыстағы нысандарды жаңғырту бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде, «Жас Қанат» стадионында жабынды ауыстыруға қаражат бөлінді, сондай-ақ, 4 шағынаудандағы «Каспий» футбол клубының спорт кешенінің жанында стадион салу бойынша жоба әзірленуде. Мұның бәрі жастар мен жанкүйерлерге өздерінің спорттық әлеуетін арттыруға мүмкіндік бермек. Бұл маңызды мәселе, - деді Нұрлан Ноғаев.

  • 08.08.2023
  • 167
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика