- Блогтар
- Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.
Маңғыстау облысының әкімі
«Халық» қайырымдылық қоры Маңғыстау облысындағы астық терминалын қалпына келтіруге көмек көрсетеді
2023 жылы 9 тамызда Маңғыстау облысының әкімдігі мен «Халық» қайырымдылық қоры Бейнеу астық терминалының жұмысын қайта қалпына келтіру мақсатында 1,8 млрд теңге қаражат көлемінде қайырымдылық көмек көрсету туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.
Маңғыстау облысының әкімдігі мен «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы бірлесе «Халық» қорынан бөлінген демеу қаржыны
Бейнеу ауданында орналасқан Бейнеу астық терминалы жұмысын (бұдан әрі – БЗТ) қайта жаңғырту және алдағы қызметін үйлестіруді қамтамасыз етуге бағыттайды.Жоспарға сәйкес терминал жұмысын қайта қалпына келтіру өңірдегі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, ұн өнімдері және мал азығы тапшылығын болдырмауға, сондай-ақ халықты жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді.
- Аталған мәселенің жуық арада оң шешімін табуы айрықша маңызға ие. Арнайы жобаны іске асыру тетіктері мәлім-Үкімет көкөніс қоймаларын салу бойынша «Жол» картасын әзірледі. Азық – түлік бағасының өсімін тежеу үшін ауыл шаруашылығы өнімдеріне қолжетімділікті қамтамасыз ететін өркениетті форматтағы сауда алаңдарын құру қажет»,-деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңесте.
Астық терминалы қызметін қайта жандандыруды жеделдету үшін «Каспий» ӘКК «Халық» қайырымдылық қорынан 1,8 млрд теңге көлемінде қайтарымсыз қаржы алады.
«Өңірдегі ірі кәсіпорынның жұмысын қалпына келтіру көкөніс сақтау сыйымдылығының тапшылығын едәуір қысқартуға мүмкіндік береді», – деді «Халық» қорының басқарушы директоры Нариман Әбілшайықов.
- 09.08.2023
- 142