- Блогтар
- Ахметжанов М.М.
Ахметжанов М.М.
Ақмола облысының әкiмi
Көкшетаудағы жаңа ЖЭО, газдандыру және отынмен қамтамасыз ету: Энергетика министрлігінің басшысы Ақмола облысының тұрғындарымен кездесу өткізді
Бейсенбі күні ҚР Энергетика министрлігінің басшысы Алмасадам Сәтқалиев Степногорск қаласының тұрғындары алдында есеп беру кездесуін өткізіп, онда Ақмола облысының отын-энергетика кешенінің қызметі туралы айтып, тұрғындардың қызықтырған сұрақтарына жауап берді.
Кездесуде министр жалпы Ақмола өңірінің ОЭК ағымдағы жағдайы туралы баяндады.
Өңірдің электр энергетикасы туралы айта келе, министр Көкшетауда электр қуаты 240 МВт болатын ЖЭО салу жоспарланып отырғанын атап өтті. Құрылыстың жалпы құны – 239 млрд. теңгеден асады.
Жобаны іске асыруды ағымдағы жылдың күзінде өткізілетін электр қуаты нарығында тендер өткізу арқылы жүзеге асыру жоспарлануда.
Қазіргі таңда өңірді жылумен қамтамасыз ету өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Қолданыстағы жылу көздерінің тозу деңгейі жоғары (Степногорск ЖЭО 81,7%, «Көкшетау Жылу» МКК қазандықтары 63,1%).
Тұрғын үйлердің, әлеуметтік нысандар мен ғимараттардың қарқынды құрылысы жүргізіліп жатқанын ескерсек, алдағы уақытта аудандық қазандықтардың жұмыс істеп тұрған жылу қуаты жеткіліксіз.
«Жылу энергиясының тапшылығын жабу үшін Көкшетау ЖЭО құрылысы қарастырылуда, оның жылу қуаты сағатына 520 Гкал құрайды», - деді министр.
Сондай-ақ, Энергетика министрлігінің басшысы өңірдің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін дизель отынымен қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы хабардар етті. Елміздің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің атына МӨЗ 1 тоннасына 284 мың теңге 239 (теңге/литр) бағасымен 426 мың тоннадан астам дизель отыны бекітілді. Ақмола облысының ауыл шараушылығы тауарын өндірушілері үшін 90,5 мың тонна дизель отыны көзделген, бүгінде 22,7 мың тоннаның 16,4 немесе шілде айының көлемінің 72% басым тәртіппен жөнелтілді.
Ол дизель отынын жеткізуді қадағалау үшін арнайы ПИН-кодтар енгізілгенін; Атырау, Шымкент және Павлодар МӨЗ дизель отынын тиісінше сары, көк және қызыл түстермен бояу; байланыс деректері, егістік жерлердің жалпы ауданы, жанар-жағар май қажеттілігі көрсетілген аумақтық бөліністегі ауыл шараушылығы тауарын өндірушілер деректер базасы және дизель отынын бөлуге арналған электрондық-ақпараттық жүйе енгізілгенін атап өтті.
Министр тұрғындарды ұзақ мерзімді баға тұрақтылығын және бағаның алыпсатарлық өсуін болдырмауды қамтамасыз ете отырып, сұйытылған мұнай газы нарығын реформалау жөніндегі шаралар туралы хабардар етті.
Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлерін газдандыру жөніндегі QazaqGaz жобасын іске асыру шеңберінде а.ж. соңына дейін аяқталу мерзімімен «Бейнеу-Бозой-Шымкент» 2-ші желісін жобалау бойынша жұмыстар басталды. Жобаны 2026 жылдың соңына дейін іске асыру жоспарлануда.
Энергетика министрлігінің басшысы Сондай-ақ, Министрлік «Сарыарқа» құбырын Ресей Федерациясынан газ құбырымен байланыстыру нұсқасын зерттеп жатқанын айтты. Алдын ала техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу аяқтау сатысында. Газ құбырының бағыты мен газ бағасын алғаннан кейін елдің солтүстік және шығыс өңірлерін газдандырудың оңтайлы нұсқасы айқындалатын болады.
Министр кездесуге қатысушыларды тұрғындардың барлық айтылған сұрақтары Үкіметтің тұрақты бақылауында екеніне сендірді.
«Біз оларды толық және уақтылы шешуге бар күшімізді саламыз», - деп атап өтті Сәтқалиев.
Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі
- 10.08.2023
- 94