• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ахметжанов М.М.
Ахметжанов М.М.

Ақмола облысының әкiмi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ақмола облысының колледждері мақсатты кадрларды даярлауға белсенді атсалысуда

Облыс колледждерінде алғаш рет 2022-2023 оқу жылында әлеуметтік серіктестер – кәсіпорындардың тапсырысы бойынша студенттерді мақсатты оқытуға қабылдау жүргізілді, деп хабарлайды Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Кадрларды мақсатты түрде оқытудың негізгі қағидасы – шарт жасалған кәсіпорында міндетті өндірістік тәжірибеден өту және студенттің оқуды аяқтағаннан кейін кепілді жұмысқа орналасуы.

Колледж мен кәсіпорын арасында нысаналы мемлекеттік тапсырысты орындау үшін студенттің кәсіпорында өндірістік тәжірибеден өтуі, студентті жұмысқа орналастыру және кәсіпорындардың кемінде еңбек нарығындағы қызмет саласында үш жыл жұмыс өтілі болуын қамтамасыз ететін екі жақты келісім шарт жасасу қажет. Сондай-ақ, кәсіпорында дуальды оқытуды ұйымдастыру үшін тиісті база болуы керек.

«Осы критерийлерді ескере отырып, облыс колледждері әлеуметтік серіктес кәсіпорындармен екіжақты келісім-шарттар жасау жұмыстарын жүргізді. Соның нәтижесінде облыстың 23 колледжі 120-дан астам кәсіпорынмен 886 орынға келісім-шартқа отырды», - дейді Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Валерий Гамазов.

Мысалы, Көкшетау қаласының жоғары техникалық колледжі «Көкшетау жылу» ШЖҚ МКҚК-мен 40 орынға, оның ішінде «Жылу инженері» біліктілігі бойынша «Жылу техникасы және жылумен жабдықтау жүйелері» мамандығына 25 орынға және 15 орын «Инженерлік жүйелерді монтаждау және пайдалану жөніндегі техник» біліктілігі «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың инженерлік жүйелерін монтаждау және пайдалану» мамандығы бойынша келісім шарт жасасқан.

 Қатаркөл ауылының ауыл шаруашылығы колледжі басшысының міндетін атқарушы Лилия Домбровскаяның айтуынша, олардың колледжі облыстық ветеринария басқармасы, «Жақсылық Агро» ЖШС, «Зенченко И.П.» және «Атамекен АГРО» ЖШС-мен келісім бойынша «Ветеринария» мамандығы бойынша мақсатты оқытуды жүзеге асырады.

Атап айтқанда, жаңа 2023-2024 оқу жылында Ақмола облысының кәсіпорындары үшін кадрларды мақсатты даярлауға қабылдау жоспары техникалық, технологиялық және ауыл шаруашылығы салаларының әртүрлі мамандықтары мен біліктілігі бойынша 500 орынды құрайды, деп хабарлады ведомстводан.

  • 10.08.2023
  • 168
Ахметжанов М.М.

Ақмола облысының әкiмi

Ахметжанов М.М.
(Мұрағат)

Ақмола облысының әкiмi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика