• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Саткалиев А.М.
Саткалиев А.М.

ҚР Энергетика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
2023 жылғы 12 шілдеде көмірсутектерді барлауға және өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукционның нәтижелері туралы

2023 жылғы 12 шілдеде көмірсутектерді барлауға және өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукционның қорытындысы шығарылды.

Бастапқы сомасы 612,0 млн теңгені құрайтын 3,37 млрд теңге сомасында түпкілікті қол қою бонусымен барлығы 11 жер қойнауы учаскесі (барлау мен өндіруге – 7, өндіруге – 4; Қазақстан Республикасының мемлекеттік балансында есептелетін С1 және С2 санаттары бойынша мұнайдың жиынтық қорлары: геологиялық – 23,7 млн. тн, алынатын - 6,3 млн. тн)ойнатылды.

Бүгінгі таңда соңғы қол қою бонусының көрсетілген сомасы ел бюджетіне толық көлемде төленді.

Жер қойнауы учаскелері бойынша геологиялық барлауға салынған инвестициялардың ең аз көлемі 35 млн АҚШ долларын құрайды.

Бұл аукцион көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукционды өткізу шарттары мен тәртібіне қатысты және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген жаңа заңнамалық өзгерістерді ескере отырып өткізілгенін атап өту маңызды, атап айтқанда:

1) аукцион өтінім берушінің кепілдік жарнаны төлеуі;

Ескерту:

Кепілдік жарнаның мөлшерін құзыретті орган айқындайды және ол:

көмірсутектерді барлауға және өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығы берілген жағдайда - Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес айқындалған қол қою бонусының бастапқы мөлшерінің екі еселенген мөлшеріне тең сома;

көмірсутектерді өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығы берілген жағдайда – Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес айқындалған қол қою бонусының бастапқы мөлшерінің бір еселенген мөлшеріне тең сома.

2) Егер аукцион жеңімпазы Кодекстің 100-бабының 3-тармағында көрсетілген мерзім ішінде қол қою бонусын төлемеген және (немесе) өз тарапынан қол қойылған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты құзыретті органға ұсынбаған жағдайда, аукцион жеңімпазынан кейінгі қол қою бонусының ең үлкен мөлшерін ұсынған аукционға қатысушымен жер қойнауы учаскесі бойынша келісімшарт жасасу құқығы.

Ағымдағы жылы бірінші электрондық аукционның қорытындыларын жаңа қағидалар бойынша 100% іске асыру Энергетика министрлігі бизнес-қоғамдастықпен бірлесіп жүргізген жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнаманы реформалаудың оң нәтижесі болып табылады.

Ескерту:

2023 жылға дейін бір күндік фирмалар тарапынан қол қою бонусының үлкен мөлшерін ұсыну бойынша алыпсатарлық әрекеттер жағдайлары жиі байқалды, мұндай сомаларды кейіннен төленбеді. Бұл ретте аукционның осындай жосықсыз жеңімпаздарына қатысты шаралар көзделген жоқ. Нәтижесінде Жер қойнауы учаскелері аукционға қайта қойылды, бұл оларды өнеркәсіптік айналымға тарту мерзімін кешіктіреді.

Министрлік 2023 жылғы 20 қазанда жер қойнауының 11 учаскесі бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беруге кезекті электрондық аукцион өткізу жоспарланғанын хабарлайды, оның ішінде барлауға және өндіруге – 9, өндіруге – 2 (Қазақстан Республикасының мемлекеттік балансында есептелген С1 және С2 санаттары бойынша мұнайдың жиынтық қорлары: геологиялық - 17,7 млн. тн, алынатын - 3,6 млн. тн).

Көмірсутектерді барлауға және өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған кезекті электрондық аукцион туралы толық ақпаратпен Энергетика министрлігінің ресми сайтында сілтеме бойынша өту арқылы танысуға болады:

https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/documents/details/500663?lang=ru

         Аукционға қатысуға өтінімдерді www.gosreestr.kz сайтында 2023 жылғы 28 шілдеден бастап 2023 жылғы 29 қыркүйекті қоса алғанға дейінге кезеңде беруге болады.

  • 10.08.2023
  • 190
Саткалиев А.М.

ҚР Энергетика министрі

Саткалиев А.М.
(Мұрағат)

ҚР Энергетика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика