- Блогтар
- Алимбаева Д.К.
Алимбаева Д.К.
«Қазгидромет» РМК бас директоры
Атмосфералық ауа мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесінің желісі кеңеюде
Жақсы жаңалықтар, ЭГТРМ министрі М.Мырзағалиевтің тапсырмасы бойынша «NCOC» компаниясының экологиялық бекеттері іске қосылды.
«Қазгидромет» РМК Атырау облысы бойынша филиалы, Атырау облысы бойынша Экология департаменттері, Табиғи ресурстар басқармасы және «NCOC» компаниясы арасында атмосфералық ауа сапасы туралы ақпарат алмасу саласындағы өзара іс-қимыл туралы Келісімге қол қойылғандығы жөнінде бұрын хабарланды.
Бүгіннен бастап «NCOC» компаниясының Атырау қаласы аумағында орналасқан 8 бекетінен деректер AirKZ мобильдік қосымшасында және экологиялық мониторингтің интерактивті картасында https://maps.hydromet.kz/ қолжетімді.
«NCOC» компаниясының бекеттерінен атмосфералық ауаның сапасын бақылау Экологиялық кодекстің талаптарына сәйкес келеді.
- 23.12.2020
- 247