• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Түпқараған ауданына қарасты Ақшұқыр ауылында су тұшыту зауыты салынбақ

Маңғыстау облысы әкімдігі мен «Халық» қайырымдылық қоры Ақшұқыр ауылында қуаттылығы тәулігіне 4000 текше метр су тұшыту зауытын салу бойынша меморандумға қол қойды. «Халық» қайырымдылық қоры бұл жобаға 300 млн теңге бөледі, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.

«Халық» қорының басқарушы директоры Нариман Әбілшайықов Ақшұқыр ауылында салынатын су тұшыту зауыты өңірді дамытуға бағытталған көптеген бастамалардың бірі ғана екенін атап өтті.

 - Бұл әлеуметтік жобаны «Халық» қоры қолдауға дайын. Бірнеше күннен бері Біз Жаңаөзендегі спорт алаңдары мен сауықтыру кешенін қоса алғанда жаңа жобаларды іске қосуға ат салысудамыз. Осы жобаларға қордың атынан барлығы 4 млрд теңге бөлінеді,- деді Нариман Әбілшайықов.

Түпқараған ауданы әкімінің міндетін атқарушы Талғат Алтынғалиевтың айтуынша Ақшұқыр және Сайын Шапағатов ауылы Ақтау қаласына жақын маңайда орналасқандықтан халық саны жыл сайын артып келеді. 

- Зауыттың іске қосылуы жергілікті тұрғындардың жағдайын едәуір жақсартады. Ақшұқыр және Сайын Шапағатов ауылдары халқының көпшілігі бау-бақша баптайды. Сондықтан да бұл жаңалық тұрғындарды қуантары сөзсіз,- деді Талғат Алтынғалиев.

Айта кетейік, 2023 жылдың ақпан айында «Халық» қайырымдылық қорының бағдарламасы аясында Сайын Шапағатов ауылында су тұшыту зауыты іске қосылған.

- Біз «Халық» қайырымдылық қорынан жеңілдетілген несие алдық. Нәтижесінде Сайын Шапағатов ауылында су тұшыту зауытын құрдық. Қазіргі таңда зауыттың қуаттылығы тәулігіне 1200 текше метр су өндіреді. Алдағы уақытта жер астынан келетін судың көлемін 2600 текше метрге ұлғайтуды жоспарлап отырмыз. Яғни ауылдағы барлық үйлер сумен толықтай қамтамасыз етіледі,-деді Олжас Қаржауов.

  • 14.08.2023
  • 213
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика