• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
MAЭК-тегі апат: халыққа электр қуатын уақытша өшіру туралы ескерту бір күн бұрын жүргізілетін болады

МАЭК-те орын алған апат салдарынан Маңғыстауға электр энергиясы бойынша ішінара шектеулер жасауға тура келеді. Энергия блоктарын жөндеу және электр станциясының тоқтау нәтижесінде өңірде энергия тұтынуды шектеу бойынша уақытша шаралар енгізілді. Ертеңнен бастап тұрғындарға жоспарлы шектеулер бойынша алдын ала хабарланатын болады. Бұл туралы Маңғыстау облысы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте аймақ басшысының бірінші орынбасары Жұмабай Қарағаев айтты. 

Өңірдегі елді мекендерді біркелкі жабдықтауды қамтамасыз ету үшін уақытша ажыратуларды "тиімді" әдіспен жүргізу жоспарланған. Бұл белгілі бір аймаққа сәйкес тұтынылатын энергия көлемін азайту мақсатында, тұтынушылар үшін электр қуаты 3-тен 5 сағатқа дейін циклдік түрде өшетінін білдіреді. Тұрмыстық энергия тұтынушыларға жоспарланған үзілістер алдын-ала хабарланатын болады. 

«МАЭК» ЖШС-де электр энергиясының жалпы өндіріс қуаттылығы 545 МВт құрайды. Алайда, екі электр станциясындағы энергетикалық блогтардың мәжбүрлі тоқтауына байланысты өндіріс қуаттылығы қазіргі таңда 245 МВт-қа дейін қысқарған. 

Осы орайда аймақ басшылығы мемлекеттік органдар және коммуналдық қызмет өкілдерімен бірге ең алдымен әлеуметтік объектілерді электр энергиясымен қамтамасыз ету бойынша жедел штаб құрды. 

- Облыс басшылығының төрағалығымен құрылған жедел штабқа уәкілетті мемлекеттік органдар мен коммуналдық қызмет өкілдері кірді. Олар электр энергиясын өшіру бірінші кезекте өнеркәсіптік объектілерге әсер ететіні туралы шешім қабылдады. Бұл шешім тұрмыстық энергия тұтынушыларына ыңғайсыздық тудырмау үшін қабылданып отыр. Кейбір кен орындары генераторлармен жабдықталған, ал басқала нысандарда жағдай қиынырақ. Сонымен қатар, ауруханалар, балабақшалар сияқты әлеуметтік нысандар электр қуатымен қамтамасыз етілетін болады. Біз тұрғындардан арандатушылыққа бой алдырмауды, тек ресми дереккөздерге сенуді сұраймыз, - деді «Маңғыстау өңірлік электр желісі компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Қасымхан Сыздықов. 

Жедел штаб отырысында төтенше жағдай режимін енгізу туралы мәселе қаралды. 

- ТЖ енгізу туралы мәселе қаралуда. Әзірге бұл шара тиісті нәтиже бермейді деп есептейміз, өйткені ТЖ режимі тек мемлекеттік сатып алуға қатысты шектеулер енгізуге мүмкіндік береді. Орын алған жағдайда бізді жүйелік оператор - «KEGOC» АҚ қолдап отыр, ол бізге 80 мВт - қа дейін алуға көмектеседі, - деп түсіндірді Жұмабай ҚАРАҒАЕВ. 

Қазіргі уақытта жедел штаб өңірде электр энергиясын беруді жедел қалпына келтіру бойынша жұмыс істеуде және комбинат қызметкерлері толықтай күш салуда.

- «МАЭК»-тегі апат жойылғанға дейін өңір тұрғындарын осы жағдайға түсіністікпен қарауға, электр энергиясын үнемді тұтынуға шақырамын. Коммуналдық қызмет мамандары күндіз-түні энергия блоктарының жұмысын тез қалпына келтіру үшін жұмыс атқаруда. Бүгін біз «тиімді» өшірудің ең жоғары жүктемелерін сынақтан өткізіп жатырмыз, ертеңнен бастап тұрғындарға барынша ыңғайлы болу үшін, елді мекендерді ажырату кестесін алдын-ала ұсынатын боламыз, - деп қорытындылады Жұмабай Қарағаев.

  • 14.08.2023
  • 156
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика