• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шахаров А.Б.
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Биыл Ақтөбе облысында 22 мектептің құрылысы жүргізілуде

Оның ішінде 2023-2024 жылдары екі мектеп жеке инвестордың қаражатына салынады. Өңір басшысы Ералы Тоғжанов «Smart Білім» және «Кемел білім» мектептерінің құрылыс барысымен танысты.

Батыс-2 ықшам ауданында салынып жатқан «Smart Білім» мектебі биылғы жаңа оқу жылында ашылады. Екі ауысымда 7000 оқушыға дейін қабылдай алатын мүмкіндігі бар. Білім беру мекемесі заманауи талаптарға сай. Инклюзивті білім беруге барлық жағдайлар жасалады. Спорттық залы керекті құралдармен, 1000 орындық концерт залы соңғы үлгідегі жарық, дыбыс құралдарымен жабдықталмақ. Білім ордасы пайдалануға берілсе, ықшам аудандағы №63 және №64 мектептердегі орын тапшылығы мәселесі жойылады.

Жеке инвестор қаражатына салынып жатқан тағы бір мектеп – «Кемел Білім». Ералы Тоғжанов құрылыс алаңында мектептің жоспарымен танысты. Мұнда оқу бөлмелері, кітапхана, 2 спорттық зал, бірнеше бағытта балаларды тәрбиелейтін өзінің Оқушылар сарайы бой көтермек. Мектеп құрылысы 2024 жылы 1 қыркүйекке дейін аяқталуы тиіс. Ауданы 21 мың шаршы метрді құрайтын ғимараттың құрылысына 160 адам тартылған.
  
Облыс әкімі жауапты мердігер компаниялардың басшылығына мектеп құрылысын уақытылы аяқтап, жұмыстарды сапалы орындауды тапсырды.

💬 «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев орта білімнің сапасы - табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуы тиіс деген болатын. 2025 жылы орын тапшылығы мәселесін жою үшін елімізде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды. Ақтөбе облысы жоба аясында 18 мектеп салады. Биыл өңірде 5270 орынға арналған 22 мектеп құрылысы жүргізілуде», - деп атап өтті Ералы Тоғжанов.

Айтып өтейік, «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында салынатын 18 мектептің 14-інің құрылысы 2023 жылы басталып, келер жылы аяқталады. Ал 2024 жылы 3 500 орынға арналған 4 мектептің құрылысы басталып, 2025 жылы пайдалануға беріледі.

Жаңа оқу жылында облыста 428 мектеп, 594 мектепке дейінгі ұйым, 41 колледж жұмыс істейді. Биылғы жылы 33 білім беру ұйымына күрделі жөндеу жүргізуге 4,8 млрд теңге бөлінді. Кей нысандарда жұмыс аяқталды.

Құрылыс жұмыстары сондай-ақ, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті базасында ашылған Heriot-Watt университетінің филиалында да қарқынды. Ақтөбе облысында тұңғыш рет ашылған Ұлыбританияның университеті оқу орнының Техникалық және физика-математика факультетінің корпусында орналасады. Тамыз айының соңында оқу корпусы толықтай іске қосылып, оқу жылына дайын болады.

Құрылыс барысын бағамдаған Ералы Тоғжанов филиалды ашудағы мақсат – өңір жастары үшін әлемдік деңгейдегі жоғары сапалы техникалық білімді қолжетімді ету, өңірден таланттардың жаппай кетуін тоқтату және Ақтөбе өңіріндегі жоғары білімнің тартымдылығын арттыру арқылы, өңірде Қазақстан ғана емес, Орта Азияға танымал білім хабын құру екенін айтты.

Еске салайық, университет – Ұлыбританияның ең ескі техникалық оқу орындарының бірі. Халықаралық рейтингілік көрсеткіштері жоғары. Оқуды тәмамдаған түлектерге Жұбанов университетінен қазақстандық үлгідегі диплом мен шотландиялық Heriot-Watt университетінің дипломы табысталады.

  • 16.08.2023
  • 189
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

Шахаров А.Б.
(Мұрағат)

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика