- Блогтар
- Ахметжанов М.М.
Ахметжанов М.М.
Ақмола облысының әкiмi
Дәстүрлі болған Президенттік шырша алғаш рет онлайн форматта өтті
Жаңа жыл қарсаңында өңірде барлық жерде жүздеген іс-шаралар өткізіледі. 2020 жылдың 24 желтоқсанында "Ғажайыпқа толы жаңа жыл" жаңа жылдық іс-шарасы ZOOM платформасында барлық өңірден 200-ге жуық оқушы жиналды. Бұл аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балалары, оқу үздіктері, түрлі жарыстар мен олимпиадалардың жеңімпаздары.
Мерекелік бағдарламаны Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің оқытушылары мен студенттері ұсынды, оны балалар сілтеме бойынша өтіп, Bilim Live Aqmola Youtube арнасынан көре алды.
Облыс әкімі Ермек Маржықпаев балаларды Мемлекет басшысының атынан келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады. "Өткен жылы сіздер көп еңбек етіп, алға қойған мақсаттарыңызға жету үшін көп жұмыс атқардыңыздар деп сенемін, бұған сіздердің зияткерлік, шығармашылық және спорттық іс - шаралардағы жетістіктеріңіз дәлел бола алады", - деп атап өтті аймақ басшысы және әрі қарай да жас ақмолалықтар түрлі салаларда жоғары нәтижелерге қол жеткізетініне сенім білдірді.
Президенттік шырша - бала өміріндегі ең есте қаларлық және маңызды оқиғалардың бірі. Облыстың әр түкпірінен келген дарынды балалар мерекенің қонақтары бола алды. Бүгін дайындалған театрландырылған қойылым кішкентай қонақтарды ертегі кейіпкерлерінің көптігімен қуантты.
Мереке соңында жергілікті жерлердегі мектеп өкілдері Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан жаңа жылдық сыйлықтар табыс етті. Бұл 100 мың теңге ақшалай сертификаттар, тәтті сыйлықтар, көркем кітаптар және құттықтау ашық хаттары.
- 25.12.2020
- 277