• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шахаров А.Б.
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
190 жас ақтөбелік облыс әкімінің атаулы стипендиясының иегері атанды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың болашағынан зор үміт күттірер жастарды қолдау туралы тапсырмасына сәйкес Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов студенттерге облыс әкімінің атаулы стипендиясын табыстады. Салтанатты шара облыстық Жастар кеңесінің отырысы аясында өтті.
 
Биыл стипендия 190 дарынды жасқа, атап айтқанда халықтың әлеуметтік осал топтарынан, үлгерімі жақсы әрі қоғамдық өмірге белсене араласатын жастарға берілді. Облыс әкімінің атаулы стипендиясының мөлшері биыл айтарлықтай ұлғайды. Атап айтқанда, жоғары оқу орындарының студенттері 215 мың теңгеден, кәсіптік-техникалық білім беру мекемелерінен - 105 мың теңгеден алды.
 
Ералы Тоғжанов стипендиаттарға оқуда және қоғамдық қызметте одан әрі сәттілік тіледі.
 
Жиын жаңадан ашылған Aqtobe IT Hub алаңында Кеңес мүшелері, жоғары оқу орындары өкілдері, жастар және еріктілер ұйымдары, ауылдық округ әкімдері, жас спортшылар мен шығармашылық өкілдерінің қатысуымен өтті. Кездесуде қатысушылар жастар саясатын, жастарды қолдау жөніндегі мемлекеттік шараларды іске асыру, жұмыспен қамту, бос уақытты тиімді өткізу, сондай-ақ креативті индустриялар мен IT-технологияларды дамыту мәселелерін талқылады.
 
Облыс әкімі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес мемлекет жастарды қолдау үшін қарқынды жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті. Мәселен, жастардың бос уақытын тиімді пайдалану және қабілеттерін іске асыруға жағдай жасау мақсатында Ақтөбеде еліміздегі алғашқы шығармашылық орталық, MakerSpace шығармашылық зертханасы ашылды, онда барлық жастарға есік ашық. Облыстың 12 ауданында осындай орталықтар ашу жоспарлануда. Жақында IT-Нub жұмыс істей бастады, ол IT саласының мамандары мен әуесқойларының бас қосатын орнына айналды. Aqtobe IT Hub алдында стартап-жобаларды қолдау, іске асыру және халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру сияқты ауқымды міндеттер тұр.
 
Өңірде жүздеген грант бөлінетін үздік халықаралық университеттер де өз филиалдарын ашуда. Биылғы жылы алғашқы 300 студент Ұлыбританияның ең көне техникалық жоғары оқу орны Heriot-Watt филиалында оқуды бастайды.
 
Сонымен қатар, өткен жылдың қараша айынан бастап ауылдардағы шағын жинақты мектептерді қолдау, дамыту бойынша «БІЛІМ ALL» өңірлік жобасы басталды. Қазіргі уақытта жоғары тиімділігі дәлелденген жоба – еліміздің өзге өңірлеріне үлгі.
 
Ералы Тоғжанов жұмыспен қамту мәселелері шешіліп жатқанын алға тартты.
 

💬

 «Жастар арасындағы жұмыссыздық – өзекті мәселелердің бірі. Жұмыссыздық көптеген жағымсыз әрекеттерге, тәуелділікке әкелетінін бәріміз жақсы білеміз. Жұмыс істегісі келетін, отбасының жағдайын жақсартқысы келетін адам үшін қазіргі уақытта барлық жағдай жасалған. Мемлекет берген мүмкіндіктерді барынша пайдалана отырып, мемлекеттік бағдарламаларға қатысу арқылы өз бизнесіңізді бастауға болады. Осылайша, жастар өздері үшін ғана емес, отбасы мүшелері үшін де жұмыс таба алады. Тек талмай еңбек ету керек», - деді Ералы Тоғжанов.
 
Айта кетейік, Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы  Асланбек Шуиншалиевтің айтуынша, ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға арналған «Ауыл аманаты» бағдарламасы қатысушыларының 40 пайызы - 35 жасқа дейінгі жастар. Жалпы, жоба басталғалы қатысушы ауылдарда жұмыссыздардың 30 пайызы жұмыспен қамтылып, атаулы әлеуметтік көмек алушылардың саны 3,9 мың адамға азайды.
 
Талқылау барысында қатысушы жастар өздерін  қызықтырған  сұрақтарын қойып, өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, жастар саясатын жетілдіруге қатысты өз  ұсыныстарын айтты.
 
Сұрақтарға жауап бере отырып, облыс әкімі келесі жылы «Ақтөбе жастары» ипотекалық бағдарламасын қаржыландыру ұлғайтылатынын атап өтті. Тиісінше, көп жастар жеңілдетілген шарттармен баспана сатып алуға мүмкіндік алады.
 
Отырыс қорытындысы бойынша облыс әкімі алдағы уақытта «Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасын іске асыру және креативті индустрияларды дамыту бойынша облыстық форум өткізуді тапсырды.
 
Айта кетейік, Ақтөбе облысында 14-35 жас аралығындағы 266,7 мың жас бар.

  • 18.08.2023
  • 173
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

Шахаров А.Б.
(Мұрағат)

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика