• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байбазаров Н.С.
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Үкімет Степногорск қаласын дамытудың кешенді жоспарын қабылдады

Ақмола облысының индустриялық орталығы Степногорск қаласы жаңа серпінмен одан әрі дамымақ. ҚР Үкіметі қаланы әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекітті. Жоспар Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру мақсатында әзірленді және әлеуметтік қамсыздандырудың негізгі мәселелерін шешуге, сондай-ақ халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған. Құжатта денсаулық сақтау, білім беру, спорт нысандарының құрылысы, инженерлік инфрақұрылымды қайта жаңғырту, экономиканың нақты секторын, өнеркәсіпті, АӨК, шағын және орта бизнесті дамыту, халықты жұмыспен қамту, т. б. бойынша 83 шара көрсетілген. 2027 жылға дейін Жоспарды іске асыруға шамамен 107 млрд теңге бөлу жоспарланған, оның ішінде 62 млрд теңгеден астамы жеке инвестициялар есебінен болмақ. Шығындардың басым бөлігіне (58,3 млрд теңге) тіршілікті қамтамасыз ететін инфрақұрылымды дамыту және тозуын азайту (23 жоба) қарастырылған. Атап айтқанда, жеке инвестициялар есебінен жылу электр орталығын күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған. Жоспарға сәйкес, 2027 жылға қарай қалада өнеркәсіптік өндіріс көлемі 550 млрд теңге деңгейінде қамтамасыз етілсе, өңдеуші сектор өнімі кемінде 70% болмақ. Жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 10%-ға артады. Құжатта жұмыспен қамту мәселесі, әсіресе жастарды жұмыспен қамтуға және кәсіпорындардағы кадр тапшылығы мәселесін шешуге ерекше көңіл бөлінген. Денсаулық сақтау саласында медициналық колледж ашу арқылы кадрлық әлеуетті арттыру жоспарланған. Сондай-ақ көрсетілетін медициналық қызметтің жақсаруына орталық қалалық аурухананы күрделі жөндеуден өткізу және техникалық жабдықтау әсер етпек. Сонымен қатар экологиялық проблемаларды шешу шаралары жоспарланған. Атап айтқанда, атмосфераға ластаушы заттардың шығарындыларын азайту (9,8 мың тоннаға дейін), өнеркәсіптік кәсіпорындардың қоршаған ортаны қорғау бойынша міндеттемелерін орындауда жауапкершілігін арттыру шаралары бар. Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдар үлесін белгіленген мерзімге дейін 74%-дан 90%-ға дейін арттыру жоспарланған. Еске салайық, Степногорск қаласы мен оған іргелес аймақтардың аумағы 290 мың гектардан астам, халық саны – 68,5 мың адам. Қаланың әкімшілігіне бір ауылдық округ және 9 елді мекен – 4 кент, 5 ауыл кіреді. Өнеркәсіп саласы қала экономикасының драйвері болып табылады. Ақмола облысының өнеркәсіп өндірісіндегі Степногорск қаласының үлесі – 25,3%.

  • 21.08.2023
  • 170
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

Байбазаров Н.С.
(Мұрағат)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика