• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Маңғыстауда Спорт күнін атап өтті

Маңғыстауда Спорт күні мен Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының 50 жылдығын атап өтті. Салтанатты шара аясында спорт саласының еңбек сіңірген қызметкерлері марапатталды, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Мерекелік іс – шараға облыс әкімі Нұрлан Ноғаев, ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті спорт департаментінің басшысы Елсияр Қанағатов, сондай-ақ облыстық спорт мектептерінің басшылары, жаттықтырушылар мен спорт саласының мамандары қатысты.

Іс-шара аясында еңбек сіңірген қызметкерлер мен жаттықтырушылар «Құрметті спорт қызметкері», «Дене шынықтыру мен спортты дамытудағы еңбегі үшін» және «ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы» сияқты ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің төсбелгілерімен марапатталды. Сондай-ақ, спорт саласының үздіктері Маңғыстау облысының әкімінен алғыс хаттар алды.

Қазіргі таңда Маңғыстау облысында 130-дан астам спорт түрі дамуда, 864-тен астам спорт нысаны жұмыс істейді. 2023 жылдың І жартыжылдығының қорытындысы бойынша бұқаралық спорт саласында халықтың 40,6% - ы немесе 305 578 адам қамтылған. Сонымен қатар, биыл 1120 спорттық іс-шара өткізу жоспарланған. 

Ағымдағы жылдың басынан бастап, бірінші жартыжылдықта маңғыстаулық спортшылар республикалық және халықаралық жарыстарда 380-ден астам медаль жеңіп алған. Оның ішінде республикалық додаларда: 120 алтын, 129 күміс және 134 қола, ал халықаралық жарыстарда: 37 Алтын, 36 күміс және 59 қола иеленген. 

Кеште өңір басшысы Нұрлан Ноғаев спорттың, әсіресе ел болашағы - жастар үшін маңызды екенін атап өтті. 

- Президенттің тапсырмасына сәйкес «Дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары» Үкімет Қаулысымен әзірленіп, мақұлданды. Осы жоспарға сәйкес бұқаралық спортты дамытуға және спорт кешендерінің желісін кеңейтуге басымдық беріліп келеді. Мектептер мен спорт үйірмелерінде дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатындар саны артуда. Осы жылдар ішінде өңірдегі спорт саласындағы инфрақұрылым нығайып келеді: қазіргі заманғы спорт ғимараттары жүйелі пайдаланылуда, ал жаңадан бой көтерген дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, оң нәтиже көрсетуде. Негізгі мақсат-әртүрлі жас топтары арасында бұқаралық спорт түрлерін одан әрі таныту және балалар үшін спорттық инфрақұрылымның ең жоғары қолжетімділігін қамтамасыз ету. Бүгінгі айтулы мерекеде барлық спортшыларды, жаттықтырушыларды, спорт мектептерінің оқушыларын және жанкүйерлерді Спорт күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге зор денсаулық, спортта жаңа биіктер мен толағай табыстар тілеймін! - деп атап өтті Нұрлан Ноғаев.

Шара жергілікті әртістердің өнер көрсетуімен концерттік бағдарламада аяқталды.

  • 21.08.2023
  • 164
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика