• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Дәрігерлер тапшылығы: Маңғыстауда медициналық мамандықтарға 165 жергілікті грант бөлінді

Маңғыстауда медициналық мамандардың тапшылығы шұғыл шешімді талап ететін мәселе. Оны шешу үшін жергілікті бюджеттен медицина саласында жаңа кадрларды тарту және тапшы мамандарды даярлауға 175 білім беру гранты бөлінді. Бұл аймақ басшысы қатысқан аппараттық кеңесте айтылды, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жалпы 175 гранттың 165-і дәрігерлерге бөлінді. Оның ішінде 97 грант медициналық мамандықтар бойынша интернатураны таңдағандарға, ал 68 грант өткен оқу жылының түлектеріне және медициналық университеттерде соңғы курстағы бакалавриат студенттеріне берілді. Қалған 10 грантты өнер студенттері алды.

Осы гранттарды бөлу арқылы талапкерлерді қолдау аймақтағы медициналық кадрлардың тапшылығын еңсеру үшін маңызды болып табылады. Маңғыстау облысы білім басқармасының басшысы Динара Жұмашеваның айтуынша, интернатураға грант алған 97 медициналық студенттің біразы бір жылдан кейін облысқа оралады. Бұл медициналық мамандардың жетіспеушілігін жеңілдетуге ықпал етпек. 

2018 жылдан бастап Маңғыстау жоғары білімі бар және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлау үшін білім беру гранттарын бөліп келеді. Соңғы бес жылда 1076 білім беру гранты берілген. Олардың көпшілігі медициналық мамандықтарға (651 грант), педагогика ғылымдары (194 грант) және өнер (59 грант) салаларына бөлінген. Өйткені бұл салалардағы кадр жетіспеушілігі өзекті мәселе.

Биылғы жылы жалпы конкурс арқылы бірыңғай ұлттық тестті (ҰБТ) сәтті тапсырған 6535 талапкердің 2661-і мемлекеттік грант алған. Бұл былтыр ҰБТ тапсырған 6408 түлектің көрсеткішінен жоғары, өкен жылы 2015 талапкер грант иелеген болатын. 

2022 жылдан бері Маңғыстау обылысының түлектеріне нысаналы білім беру гранттары да беріліп келеді.  Маңғыстау түлектеріне еліміздің жетекші университеттерінде педагогика, жаратылыстану ғылымдары, инженерия және ақпараттық технологиялар сияқты мамандықтар бойынша нысаналы гранттар бөлінуде. 

- Қазіргі уақытта бізде медициналық мамандар тапшы. Дегенмен, жергілікті бюджеттен қаржыландыруды қоса алғанда, әртүрлі нысаналы гранттар беру арқылы бұл мәселені шешу үшін белсенді жұмыс жүргізудеміз. Өңір жастары еліміздің әртүрлі қалаларында білім алып, қайтып оралғаннан кейін Маңғыстаудың дамуына ықпал етеді. Сондықтан жас мамандарға олардың ештеңеге алаңдамай жұмыс істеуі үшін қолдау көрсету өте маңызды. Оларды қаржылық демеу және тұрғын үймен қамтамасыз ету, әсіресе мансап жолын аудандар мен шалғай ауылдарда бастайтын жас мамандарды қолдау бас ден қоятын дүние. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, жастардың біліміне бөлінген қаржы — бұл еліміздің болашағына салынған инвестиция. Халықтың қарқынды өсуі мен оқушылар санының артуы жағдайында білім беруге және жаңа кадрлар даярлауға инвестиция салу Маңғыстаудың тұрақты дамуын қамтамасыз етудің негізгі аспектісіне айналуда, - деп қорытындылады Нұрлан Ноғаев.

  • 22.08.2023
  • 168
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика