- Блогтар
- Ахметжанов М.М.
Ахметжанов М.М.
Ақмола облысының әкiмi
Ақмола облысында туберкулез жұқтырғандар саны 20 пайызға төмендеді
Ақмола облысында туберкулез ауруына шалдыққандар саны 20 пайызға төмендеген. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Алтынай Әміренованың төрағалығымен өткен туберкулезге қарсы күрес жөніндегі адвокаттық кеңесте мәлім болды. Оған медициналық және әлеуметтік мекемелердің басшылары, мәслихат депутаттары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері және фтизиопульмонология Ұлттық ғылыми орталығы жанындағы жаһандық қор гранты жобасын іске асыру тобының өкілдері қатысты. Кездесуде туберкулезбен күресу және оның алдын алу мәселелері жан-жақты талқыланды.
Жиында сөз бастаған өңір басшысының орынбасары Алтынай Әміренова туберкулез бойынша оң нәтижеге қол жеткізу жолындағы күш-жігерді біріктірудің және жаһандық сипаттағы тәуекелдерді жоюдың маңыздылығын атап өтті.
«Бүгінгі кездесудің мақсаты – «Стоп туберкулез» серіктестігін дамытып, эпидемия ретінде оны жою үшін мүдделі ұйымдардың күш-жігерін біріктіру арқылы туберкулез ауруын азайту. Биылғы жылдың тақырыбы туберкулезге және 2030 жылға қарай туберкулезді жоюға, демек, орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуге ортақ күшімізде екендігіне назар аудартады», - деп атап өтті Алтынай Әміренова.
Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлан Ахильбеков өз сөзінде әлемде жыл сайын 10 миллион адам туберкулезбен ауыратынын, 3 миллион адам қайтыс болатынын, оның ішінде күн сайын 8 мың адам өмірден өтетінін атап өтті. Сонымен қатар, туберкулез-бұл әлеуметтік эпидемия екенін де тілге тиек етті.
«Туберкулезге қарсы қызметтің басымдығы бұл дерттің алдын алу, оны уақтылы анықтау және оны тиімді емдеу жолын табу. Қазақстанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған туберкулезді бақылаудың барлық заманауи тәсілдері енгізілді. ҚТ анықтау және емдеу бойынша қол жеткізілген жетістіктерге қарамастан, Қазақстан туберкулезден болатын азап пен өлімді тоқтатуға ұмтылуда» - деп толықтырды сөзін Нұрлан Ахильбеков.
Қоңыратбек Құрманбаев атындағы Ақмола облыстық фтизиопульмонология орталығының директоры Жұмабек Махашевтың айтуынша, жыл басынан бері туберкулездің 164 жаңа жағдайы тіркелген. Оның ішінде 147 жағдай өкпе туберкулезі және 17 жағдай өкпеден тыс туберкулез. Өтініш бойынша 61 пациент анықталды, профилактикалық тексеруде 103 туберкулез ауруын жұқтырғаны белгілі болды. Ол туберкулездің алдын алу және анықтау жөніндегі іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті.
«2023 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша облыста 244 мың 510 адам немесе 90,8% флюорографиялық тексеруден өтті. Жоғары тәуекел тобындағы адамдарды тексеру 25 мың 749 адамды құрады. «ИГІЛІК» қоғамдық қорымен туберкулез ауруының алдын алу және оны төмендету бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізілуде», - деп атап өтті Жұмабек Махашев.
Сонымен қатар, туберкулезге қарсы күрес пен алдын алудың өзекті мәселелері туралы ҰҚО жанындағы МФ ГРП ТБ жөніндегі бағдарламалардың үйлестірушісі Гүлназ Мұсабекова, ҮЕҰ үйлестірушісі Татьяна Маркабаева және «Игілік» ҚҚ үйлестірушісі Айман Темірханова айтып берді.
Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі
- 22.08.2023
- 161