- Блогтар
- Алимбаева Д.К.
Алимбаева Д.К.
«Қазгидромет» РМК бас директоры
2023 жылдың тамыз айының 1-ші онкүндігіне қысқаша агрометеорологиялық шолу
Тамыздың бірінші онкүндігінде Қазақстанның бүкіл аймағында астықтың толуы мен пісуіне қанағаттанарлық метеорологиялық жағдай болған, еліміздің батысында дәнді дақылдарды жинау үшін қолайлы жағдай орын алған.
Ақмола облысының бақылау учаскелерінде жаздық бидай егістіктерінде «дәннің сүттенуі» - «уыздануы», Астрахан ауданының Жалтыр станциясы және Ерейментау ауданының Новомарковка агропосты маңайында «толық пісу» фазалары байқалған. Өсімдіктердің жағдайы көбінесе жақсы және қанағаттанарлық. Өсімдіктердің биіктігі 47-68 см жетеді.
Қостанай облысында жаздық бидайдың жағдайы жақсы және өте жақсы, Федоров ауданы Кен-Арал агропосты мен Әулиекөл ауданы Әулиекөл станциясының маңайында қанағаттанарлық. Даму кезеңі «дәннің сүттенуі» - «толық пісу». Өсімдіктердің биіктігі 53-97 см жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысында жаздық бидайдың жағдайы өте жақсы және жақсы. Даму кезеңі «дәннің уыздануы» – «толық пісу», Булаево агропосттың маңайындағы дақылдарда – «дәннің сүттенуі». Өсімдіктердің биіктігі 50-74 см жетеді.
Павлодар облысында жаздық бидай егістіктерінде «дәннің уыздануы» – «толық пісу» даму кезеңі, кеш мерзімде себілген егістерде – «гүлдену» байқалған. Өсімдіктердің жағдайы көбінесен қанағаттанарлық, Тереңкөл ауданы Федоровская, Ертіс ауданы Панфилово және Голубовка станцияларының маңайында нашар. Өсімдіктердің биіктігі 35-63 см жетеді, төмен өскен егістерде 22-25 см.
Қарағанды облысында жаздық бидайда «дәннің уыздануы» - «толық пісу» даму кезеңі байқалған. Өсімдіктердің биіктігі 41-65 см жетеді, бидайдың жағдайы өте жақсы және жақсы.
Ұлытау облысында жаздық бидай дақылдарында «дәннің уыздануы» даму кезеңі байқалған. Биіктігі 60 см жетеді, өсімдіктердің жағдайы жақсы және өте жақсы.
Шығыс Қазақстан облысында жаздық бидай дақылдарында «дәннің сүттенуі» – «толық пісу» даму кезеңдері байқалған. Өсімдіктердің биіктігі 46-63 см.
Абай облысында жаздық бидайдың жағдайы өте жақсы және жақсы, биіктігі 67 см жетеді.
Батыс Қазақстан облысының Бәйтерек ауданының Переметное агропостының маңайында жаздық бидайдың жағдайы қанағаттанарлық. Даму кезеңі «дәннің уыздануы», өсімдіктердің биіктігі 35 см.
Ақтөбе облысында жаздық бидайдың жағдайы жақсы және қанағаттанарлық, арамшөптер жиі кездеседі. Өсімдіктердің биіктігі 68 см жетеді, даму кезеңі «дәннің сүттенуі» - толық пісу».
Жетісу облысында жаздық бидайдың жағдайы жақсы, даму кезеңі «дәннің сүттенуі» - «дәннің уыздануы». Өсімдіктердің биіктігі 62-66 см жетеді.
Шығыс Қазақстан, Абай және Қостанай облыстарында күнбағыс бақыланатын учаскелерде «гүлдену» - «пісу» фазалары байқалған, өсімдіктердің жағдайы барлық жерде жақсы. Өсімдіктердің биіктігі 125-167 см жетеді. Күнбағыс қауашағының орташа диаметрі 10-27 см.
Батыс Қазақстан облысының Тасқала ауданында (Каменка станциясы) күнбағыс дақылдарының жағдайы қанағаттанарлық, жеке учаскелерде нашар, даму кезеңі «пісу». Өсімдіктердің биіктігі 96-134 см жетеді, арамшөптер жиі кездеседі.
Павлодар облысында (Береговой агропост) күнбағыс дақылдарының жағдайы қанағаттанарлық, «гүлдену» даму кезеңі жалғасуда. Өсімдіктердің биіктігі 78 см жетеді, күнбағыс қауашағының диаметрі 7 см жетеді.
Алматы, Абай, Жетісу, Ақтөбе, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарында картоп екпелерінде «гүлденудің соңы» - «пәлектің солуы» кезеңдері байқалған. Картопты вегетациялық суару жалғасуда. Өсімдіктердің жағдайы өте жақсы және жақсы.
Елдің оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жеміс дақылдары бақшаларында (алма, алмұрт, таңқурай) көбінесе «жемістің қалыптасуы» – «жемістердің пісуі» даму кезеңдері байқалған, таңқурай мен алма ағаштарын жинау жалғасуда.
Тамыздың бірінші онкүндігінде мал жаю жаппай жүргізілген. Жайылымдардағы шөптердің жай-күйі көбінесе жақсы, кейбір учаскелерде қанағаттанарлық, Ақтөбе облысының Шалқар ауданында (Бегімбет станциясы) нашар. Шөптерді жинау, тасымалдау және маялау жалғасуда.
Жайылымдар әлсіз, кейбір аудандарда орташа, Алматы облысының Жамбыл ауданында, Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданында және Қостанай облысының Арқалық ауданында қатты тапталған.
Шымнің жағдайы көбінесе құрғақ, Жетісу облысының Қаратал ауданында және Қарағанды облысының Шет ауданында шым ылғалды болған.
- 23.08.2023
- 118