• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ахметжанов М.М.
Өңірдің тау-кен металлургия саласында 16 мыңнан астам ақмолалық жұмыс істейді

Ақмола облысында ауыл шаруашылығымен, өнеркәсіппен қатар тау-кен металлургия саласы да маңызды болып табылады. Облыс аумағында тау-кен кешені саласының 150-ден астам кәсіпорны, оларда 16 мыңнан астам қызметкер жұмыс істейді.

Облыс әкімдігінде кеншілер күні қарсаңында өңір басшысы Ермек Маржықпаев еңбек ардагерлерімен және кеншілер әулетінің өкілдерімен кездесті.

Іс-шараға қатысушылардың алдында сөз сөйлеген облыс әкімі көп жылғы және үздіксіз еңбектері үшін шын жүректен алғыс білдіріп, кәсіби мерекемен құттықтады.

«Сіздердің күш-жігерлеріңіздің арқасында өңір тұрақты дамып, оның инфрақұрылымы мен жергілікті халықтың өмір сүру деңгейі нығайып келеді. Бізде техникалық гауһар қорларының 100%, республикалық алтын қорларының төрттен бір бөлігі, уранның 5%-дан астамы бар. Өңірде пайдалы қазбалардың 51 кен орны, оның 32-сі алтын өндіру объектілері. Кенсіз пайдалы қазбалардың 342 кен орны, оның ішінде екі көмір кен орны бар. Өңірдің өнеркәсіптік әлеуеті дамып, тарихи рекордтар жаңаруда", - деп атап өтті Е. Маржықпаев.

Айта кетейік, өткен жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп өнімінің көлемі бір жарым трлн. теңге. Бұған «Ақсу Technology», RG PROCESSING және басқа да күл шығаратын зауыттардың іске қосылуы ықпал етті. Бұл салада соңғы 10 жылда инвестиция көлемі 300 млрд. теңгеден асатын 20 жоба іске асырылды, 5 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылды.

Кәсіпорындар бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында үлкен жұмыс жүргізуде. Мысалы, уран өндірісі зауыттары өткен жылы 7,5 млрд. теңгеге қайырымдылық көмек көрсетті. Қосшы қаласында «RG Gold» компаниясы инвестиция сомасы шамамен 8 млрд. теңгені құрайтын 1,5 мың орындық мектеп-гимназия салды, ол 1 қыркүйекте өз есігін ашады. «Верный Капитал» тобы құны 8 млрд. теңгеге жылына 5 мың келушіге арналған қоғамдық-мәдени орталықтың құрылысын бастады. Бизнес нысандары, сонымен қатар, емханалар, мектептер, балабақшалар, спорт залдары және т.б. салынып, жөнделуде.

Кездесу барысында тау-кен индустриясының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін бірқатар кеншілер I, II, III дәрежелі «Кенші даңқы», III дәрежелі «Еңбек даңқы» ведомстволық наградаларымен және облыс әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.

  • 29.08.2023
  • 166
Ахметжанов М.М.
(Мұрағат)

Ақмола облысының әкiмi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика