• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ахметжанов М.М.
Ахметжанов М.М.

Ақмола облысының әкiмi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ақмола облысында «Еңбек жолы» конкурсының өңірлік кезеңінің жеңімпаздары анықталды

Қазақстан Республикасының Конституция күнін мерекелеу қарсаңында Көкшетауда «Еңбек жолы» өңірлік конкурсының қорытындысы шығарылды. Жыл сайынғы іс-шара еңбек адамының беделін арттыруға, нәтижелі еңбекті ынталандыруға, жұмысшы кәсіптерін насихаттауға, жастарды өндіріс саласына тартуға, сондай-ақ жұмысшы әулеттерінің көп жылғы дәстүрлерін нығайтуға бағытталған.  Ақмола облысының әкімі Е.Б. Маржықпаев «Еңбек жолы» өңірлік конкурсының жеңімпаздарына атаулы дипломдар мен бағалы сыйлықтарды табыс етті.

Ағымдағы жылы «Еңбек жолы» конкурсына қатысу үшін 3 номинация бойынша 42 өтінім берілді. Оның ішінде көбісі – 18 өтінім «Өндірістің үздік жас маманы» номинациясы бойынша келіп түскен болатын.

Конкурс жеңімпаздарын өңірлік деңгейде іріктеу үшін Ақмола облысы әкімінің орынбасары Азамат Тайжановтың төрағалығымен және жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының, мемлекеттік еңбек инспекциясы қызметкерлерінің, сондай-ақ аумақтық кәсіподақтар бірлестіктері мен өңірлік кәсіпкерлер палаталары өкілдерінің қатысуымен конкурстық комиссия құрылды.

Конкурс қорытындысы бойынша Степногорск қ. "Степногорск тау-кен химия комбинаты" ЖШС экстракция цехының 3-разрядты аппаратшы-гидрометаллургі Олег Гончарик "Үздік еңбек әулеті" номинациясында үздік болып танылды, еңбек әулеті – 3 ұрпақ (әкесі, ұлы, немересі). Әулеттің осы кәсіпорындағы жалпы еңбек өтілі
154 жылды құрайды.

Бурабай ауданы, "RG Gold" ЖШС үймелі шаймалау учаскесінің шебері Құндызбек Нұқышев жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері болып танылды, жалпы еңбек өтілі – 42 жыл, өзінің ұзақ еңбек қызметінде бірнеше үздік мамандарды тәрбиеледі.

Зеренді ауданы, "Altyntau Kokshetau" АҚ КБАЖ бойынша жетекші инженер Дамир Шакеев өндірістің үздік жас маманы болып анықталды, жалпы еңбек өтілі – 4 жыл. Жұмыс істеген уақытта ол өзін жауапты, еңбекқор, келешегі бар қызметкер ретінде көрсетті.  

«Еңбек жолы» конкурсының өңірлік деңгейі жеңімпаздарының материалдары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне алдағы уақытта республикалық деңгейде қатысу үшін жіберілді.

  • 29.08.2023
  • 196
Ахметжанов М.М.

Ақмола облысының әкiмi

Ахметжанов М.М.
(Мұрағат)

Ақмола облысының әкiмi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика