- Блогтар
- Дарбаев А.К.
Дарбаев А.К.
ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы
ТМРК «ҚТЖ - Жүк тасымалы» ЖШС-нің хабарламасы бойынша жария тыңдау өткізеді
ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті 2023 жылғы 4 қыркүйекте күні сағат 15:00-де «ҚТЖ-Жүк тасымалы ЖШС-нің жүктерді теміржол көлігімен тасымалдау және локомотивтік тарту қызметі бойынша шекті бағаларының өсуі бойынша хабарламасын қарау шеңберінде жария тыңдау өткізетінін хабарлайды.
Жария тыңдау Астана қ., Мәңгілік ел даңғ., 8 үй, «Министрліктер үйі» Әкімшілік ғимараты, 11 кіреберіс, № 439 кабинет мекенжайында өтеді.
Сонымен қатар, көптеген мүдделі тұлғалардың қатысуын қамтамасыз ету мақсатында, жария тыңдаулар параллельді түрде онлайн режимде «ZOOM» платформасы және Facebook әлеуметтік желісіндегі Комитеттің парақшасы арқылы көрсетілетін болады.
«ZOOM» платформасына қосылу үшін конференция идентификаторын, қатысушылардың есебін жүргізу мақсатында, төменде көрсетілген нөмірлерге қонырау шалу арқылы алуға болады.
Комитеттің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасына мына сілтеме бойынша кіруге болады: https://www.facebook.com/profile.php?id=100067783764461.
Тыңдауға ҚР Парламентінің, мәслихаттардың депутаттары, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың, табиғи монополия субъектісінің, бұқаралық ақпарат құралдарының, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, тәуелсіз сарапшылар, тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар қатыса алады («ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-нің хабарламасы ашық қолжетімділікте www.bazamonopolist.gov.kz сілтеме бойынша орналастырылған).
Комитеттің және «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-нің байланыс телефондары және интернет-ресурсының мекенжайы: тел. +7 (7172) 74-2206, www.gov.kz/memleket/entities/krem, тел. +7 (7172) 600 344 www.railways.kz.
- 04.09.2023
- 143