- Блогтар
- Алимбаева Д.К.
Алимбаева Д.К.
«Қазгидромет» РМК бас директоры
2023 жылы Қазақстан аймағында жаздық дәнді дақылдарды жинаудың агрометеорологиялық жағдайы нақты болжамын Қазгидромет шығарды
Есептелген деректерге сәйкес қыркүйек айында елдің солтүстік жартысында жаздық дәнді дақылдарын жинау жағдайы астықтың кондициялық жай-күйіне, дәнмен сабанның ылғалдылығына қол жеткізу үшін, сондай-ақ жинау жұмыстары кезеңінде комбайнның жұмысы үшін қолайлы болады деп күтілуде. Елдің солтүстік жартысындағы қысқа мерзімді жауын-шашын егін жинау жұмыстарының барысына біршама әсер етуі мүмкін.
Барлық агрометеорологиялық болжамдар ҚР АШМ үнемі ұсынылады, сондай-ақ www.agrodata.kz қосымшасында және "Қазгидромет" РМК сайтында жарияланады.
- 04.09.2023
- 115