- Блогтар
- Алимбаева Д.К.
Алимбаева Д.К.
«Қазгидромет» РМК бас директоры
2023 ж. 31 тамыз – 5 қыркүйек аралығындағы Каспий теңізінің қазақстандық бөлігіндегі деңгейiнiң болжамы*
Солтүстік Каспий: теңіздің орташа деңгейі минус 28,78 м белгісіне жуық, ал ауытқуы минус 28,57 м-ден 29,23 м-ге дейін болады деп күтілуде.
Орта Каспий: теңіздің орташа деңгейі минус 29,05 м белгісіне жуық, ал ауытқуы минус 28,71 м-ден 29,46 м-ге дейін болады деп күтілуде.
* Есептік сипаттамалар «Қазгидромет» РМК-де икемделген Дания гидравликалық институтының MIKE 21 гидродинамикалық модулін пайдалану барысында алынды.
2023 ж. 24- 30 тамыз аралығына арналған Каспий теңізі су бетінің жай-күйі
Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде теңіз станциялары мен посттардың жедел деректері бойынша (Пешной, Жанбай, Құлалы аралы) теңіз деңгейінің орташа мәні 29,00 м-ге, ең жоғарғы мәні минус 28,75 м-ге, ең төменгі мәні минус 29,20 м-ге сәйкес келді.
Теңіз станциялары мен посттарының (Форт-Шевченко, Ақтау, Фетисово және Махачкала (Росгидромет)) жедел деректері бойынша Каспий теңізі деңгейінің орташа мәні минус 29,02 м-ге, ең жоғарғы мәні минус 28,67 м-ге, ең төменгі мәні минус 29,40 м-ге сәйкес келді.
- 04.09.2023
- 105