• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ахметжанов М.М.
Ахметжанов М.М.

Ақмола облысының әкiмi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ақмола облысында жаңа мектептер ашылды

Бүгін Қосшы қаласында 1500 орындық мектеп-гимназияның салтанатты ашылуы өтті.

Мектеп елордаға іргелес қаланың жаңа ауданында салынды, онда қазақ және орыс тілдерінде оқытатын 2,5 мыңнан астам оқушы білім алады.

Жоба «Болат Өтемұратов қорының» жеке инвестициялары есебінен жүзеге асырылып, Қосшы қаласының білім бөліміне берілді.

«Мектеп-мейірім мекені» салтанатты жиынына мұғалімдер, ата-аналар мен алғаш рет мектеп табалдырығын аттаған оқушылар қатысты.

Іс-шараның құрметті қонақтары Қазақстан Республикасының Білім министрі Ғани Бейсембаев, Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев, «Верный Капитал» инвестициялық тобының бас директоры Ерлан Оспанов, «Болат Өтемұратов қоры» қамқоршылық кеңесінің төрағасы Алмаз Шарман болды, олар оқушыларды, мұғалімдерді, ата-аналар мен қонақтарды білім күнімен құттықтап, жаңа оқу жылында табыс тіледі.

Өңір басшысы өзінің құттықтау сөзінде педагогтар мен оқушыларды Білім күнімен және оқу жылының басталуымен құттықтады. «Біздің облыстың маңызды проблемаларының бірі үш ауысымды оқыту болды және ол дәл Қосшы қаласында болды. Бүгін екі жаңа мектептің ашылуының арқасында біз бұл мәселені толығымен шештік», - деп атап өтті облыс басшысы.

Қонақтар үшін мектепке экскурсия ұйымдастырылды. Қазіргі заманғы материалдық-техникалық базасы бар 3 қабатты оқу орнында 56 оқу және 19 арнайы кабинет орналасқан. Сондай-ақ, 2 спорт залы, кең асхана және медициналық кабинет бар.

Сол күні 1200 орындық тағы бір қалалық мектеп ашылды.

Айта кетейік, ағымдағы жылы Ақмола облысының білім саласын дамытуға 220 млрд.теңге бөлінді.

Жаңа оқу жылында 4000 орындық 6 мектеп ашылды. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың соңына дейін 1800 орындық қосымша 8 білім беру мекемесін ашу жоспарлануда.

Білім беру нысандарын жаңғырту аясында қауіпсіз ортаны қамтамасыз ету, мектеп жиһазы мен кітапхана базасын жаңарту мәселелері шешілуде. Сонымен қатар, соңғы екі жылда өңірдің 200 білім беру нысанын жөндеуге шамамен 12 млрд теңге бөлінді.

  • 04.09.2023
  • 142
Ахметжанов М.М.

Ақмола облысының әкiмi

Ахметжанов М.М.
(Мұрағат)

Ақмола облысының әкiмi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика