- Блогтар
- Ахметжанов М.М.
Ахметжанов М.М.
Ақмола облысының әкiмi
"Қорғау-2023" азаматтық қорғаныс оқу-жаттығуын өткізу туралы
«Қорғау-2023» жаттығуын өткізуге дайындық шеңберінде 2023 жылғы 5-7 қыркүйек аралығында Ақмола облысының аумағында азаматтық қорғауды құлақтандыру жүйесін тексеру жоспарланған.
Осыған байланысты облыс тұрғындары мен қонақтарына ескерту жүйесін тексеру әлемде болып жатқан геосаяси жағдайға қатысы жоқ екендігін хабарлаймыз. Бұл табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда ел азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өткізілетін жыл сайынғы іс-шара. Сондай-ақ, дыбыстық сигналды естігенде дүрбелеңге түспеулеріңізді сұраймыз.
«Барлығының назарына!!!» сигналы – қауіп төнген немесе төтенше жағдай туындаған жағдайда барлық шұғыл хабарламаларды жібермес бұрын халықтың назарын аудару үшін берілетін ескерту сигналы.
Дыбыстық сигналды естігеннен кейін теледидарлар мен радиоқабылдағыштарды қосып, интернет-ресурстардағы және мобильді қосымшалардағы ақпаратты оқып, одан әрі әрекет ету бойынша нұсқаулар алу қажет.
Сонымен қатар, қауіпті өндірістік объектілер мен гидротехникалық құрылыстардағы жергілікті құлақтандыру жүйелерінің жарамдылығы тексерілетін болады.
- 04.09.2023
- 101