• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
АЙМАҚТА 2 МЛН ГЕКТАР ЖЕР МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ.

Бүгін облыс әкімі Серікбай Трұмовтың  төрағалығымен аппараттық жиын өтті. Күн тәртібінде облыстағы құрылыс жұмыстарының барысы, аймақтағы игерілмей тұрған жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару және коммерциялық мақсаттағы бос жер орындарын аукционға шығару мәселесі мен коронавирусты инфекциясының таралуына жол бермеу бойынша қабылданатын іс-шаралар айтылды.

    Өңірде Qoldau.kz веб-порталы арқылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмай жатырған жер учаскелеріне мониторинг жүргізілді. Нәтижесінде пайдаланылмай жатқан 364 субъектінің иелігіндегі көлемі 2 млн. 302 мың гектар жайылым жерлері анықталды.  Облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Есемұрат Дүзмағамбетовтың айтуынша қазіргі таңда, аудандар арқылы 13 субъектіден 1 млн. 944 мың 715 гектар жер учаскесі жергілікті атқарушы органдардың шешімімен мемлекет меншігіне қайтарылды. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы мақсатындағы көлемі 336,4 мың гектар жерді тиімді пайдалану бойынша веб-портал арқылы 340 жер пайдаланушы тұлғаларға хабарлама  жолданды.

Жер инспекциясының мәліметіне сәйкес, биылғы жылы сот арқылы  Ақтау қаласындағы 2,11 гектарды құрайтын кәсіпкерлік мақсаттағы 4 жер учаскесі мемлекет меншігіне  қайтарылған,  сонымен бірге жер учаскесін кәсіпкерлік мақсатқа алған 27 тұлғаға (жалпы ауданы – 49,48 га)  жер заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар берілген (Ақтау – 12, Мұнайлы – 1, Бейнеу – 4, Жаңаөзен – 10). Сонымен қатар, Жаңаөзен қаласы әкімдігі тарапынан кәсіпкерлік мақсаттағы жалпы көлемі 24,9 гектарды құрайтын 43 жер учаскесі (құны 291,2 млн. теңге) мемлекет меншігіне қайтарылған.  

Облыс әкімінің орынбасары Гүлмира Қалмұратованың айтуынша Маңғыстау облысы бойынша 123 мобильді бригада жұмыс жасайды. COVID-19 күдікті және пневмония белгілері бар пациенттерді, cонымен қатар созылмалы аурулары бар пациенттерге үйде қызмет көрсетеді, жүкті әйелдер мен балаларға көрсетімдер бойынша патронаж жүргізеді. Соңғы мәліметтерге сәйкес облыс көлемінде 11 стационарда I-II сатылы 444 инфекциалық төсек орны және 54 реанимациялық төсек орны жасақталған. Сонымен қатар резервте 2452 төсек орын дайын тұр. Инфекциялық және провизорлық стационарларда 260 ӨЖЖ аппараты және 638 оттегі концентраторы, 928 пульсоксиметр, 162 перфузор, 24 рентген, 3 КТ (МОБ, ЖМГБ, БЦРБ) аппараттары жұмыс істеуде.  Сонымен қатар, қалада 6 ПТР лаборатория жұмыс атқаруда (ҰЭО, Ча-Кур, INVIVO, Олимп, Эталон-Мед).

    Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Шабай Тәжіғараевтың мәліметінше ағымдағы жылдың 11 айының қорытындысы бойынша өңірде 1 млн. 64 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Жалдамалы тұрғын үйлер құрылысына және сатып алуға 2,9 млрд. теңге бөлінді. Жыл соңында 23,5 мың ш.м. құрайтын 352 пәтерге арналған тұрғын үйлер құрылысы аяқталмақ және 67 пәтер сатып алынады. Барлығы 419 пәтер пайдалануға беріледі (пайдалануға берілетін 419 пәтердің 215 пәтері көпбалалы отбасыларға беріледі). 

Сонымен қатар, облыс әкімдігінің шешімдеріне сәйкес заңда көзделмеген тәсілдермен үлескерлердің қаржыларын тартқан құрылыс компанияларға  хаттама толтырылып, әкімішілік шаралар қолданылды.

Жиын соңында облыс әкімі коронавирусты инфекциясының таралуына жол бермеу үшін қажетті шаралардың барлығын қатаң қолға алуды және  бақылауды күшейтуді тапсырды.  

 

  • 29.12.2020
  • 359
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика