• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ахметжанов М.М.
Ахметжанов М.М.

Ақмола облысының әкiмi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Президент Әкімшілігінің Басшысы Ақмола облысының жаңа әкімін таныстырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша  Президент Әкімшілігінің Басшысы Олжас Бектенов Ақмола облысының барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының жиналысына қатысу үшін Көкшетау қаласына жұмыс сапарымен барды.

Кездесу барысында Олжас Бектенов депутаттарға Ақмола облысының әкімі лауазымына Марат Мұратұлы Ахметжанов пен Мұрат Сағатұлы Балпанның кандидатурасын ұсыну туралы Президенттің хатын оқып берді.

Ашық дауыс берудің нәтижесінде 177 депутат Марат Ахметжановтың, 73 депутат Мұрат Балпанның кандидатурасын қолдап, дауыс берді. Жиналысқа барлығы 250 депутат қатысты. Дауыс беру қорытындысы бойынша Президент Жарлығымен  Ахметжанов Марат Мұратұлы Ақмола облысының әкімі болып тағайындалды.

Өңір активіне жаңа әкімді таныстырған Олжас Бектенов Марат Ахметжановтың құқық қорғау және қадағалау салаларында түрлі басшылық қызметтерді тиімді атқарған тәжірибелі басшы екенін атап өтті.

Олжас Бектенов облыс басшылығы Президенттің халыққа Жолдауында көрсетілген міндеттерді іске асыруға күш салуы қажет екенін айтты. Ақмола облысының әкімдігі өңір экономикасын дамыту, азаматтарды сапалы ауызсумен қамтамасыз ету, облыс орталығындағы жылу энергиясының тапшылығын жою, медицина саласын дамыту, тұрғындарды әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, туристік әлеуетті нығайту, елорда маңындағы аумақтарды дамыту және басқа да маңызды бағыттар бойынша белсенді жұмыс істеуі керек.

Олжас Бектенов жергілікті атқарушы органдардың жұмысы азаматтармен табысты байланыс орнатуға және Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыруға негізделуі қажет екеніне назар аударды.

Кездесу соңында Олжас Бектенов Марат Ахметжановқа облыс тұрғындарының игілігі үшін Президент жүктеген барлық міндетті орындау жолында табыс тіледі, сондай-ақ аймақтың бұрынғы басшысы Ермек Маржықпаевқа атқарған жұмысы үшін алғыс айтты.

t.me/aqorda_resmi

  • 06.09.2023
  • 187
Ахметжанов М.М.

Ақмола облысының әкiмi

Ахметжанов М.М.
(Мұрағат)

Ақмола облысының әкiмi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика