- Блогтар
- Саткалиев А.М.
Саткалиев А.М.
ҚР Энергетика министрі
ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Қарағанды облысына келді
Бүгін, 2023 жылғы 7 қыркүйек күні ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев іс-сапармен Теміртау қаласына келді. Сапар аясында министр бірқатар энергетикалық нысандарға барып, олардың алдағы жылыту маусымына дайындығын тексереді.
Атап айтқанда, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ қоғамына қарасты 2-ші ЖЭО-на, «Bassel Group LLS» ЖШС-не қарасты ҚарГРЭС-1 кәсіпорындарына барады. Бұдан бөлек, Теміртау қаласында азаматтарды қабылдап, Қарағанды өңірінің тұрғындарымен және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездеседі.
Тұрғындармен кездесу әлеуметтік желілер арқылы тікелей эфирде көрсетіледі.
Сондай-ақ министрдің БАҚ өкілдеріне баспасөз конференциясы жоспарланған.
Естеріңізге сала кетейік, алдағы уақытта ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Қазақстанның өңірлеріне арнайы жұмыс сапарымен барып, өңірлердегі жылу орталықтарының алдағы жылыту маусымына дайындығын тексереді.
Алдағы уақытта министрдің Алматы, Жетісу, Абай, Атырау облыстарына іс-сапары жоспарланған.
- 07.09.2023
- 194