• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байбазаров Н.С.
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
«Даму» Қоры S&P Global компаниясынан ресми ESG бағасын алды

S&P Global Corporate Sustainability Assessment халықаралық рейтингтік агенттігі Қорға «22» деңгейінде баға берді. Бағалау «Даму» Қорының орнықты даму саласындағы 2022 жылғы қызметіне талдау негізінде жүргізілді. S&P Global бағалауы бойынша, «Даму» Қоры жаһандық қаржы саласында 66-процентиль иеленіп тұр. Қор басқару және экономикалық аспект бойынша 26 балл (Governance & Economic Dimension), экологиялық аспект бойынша 5 балл (Environmental Dimension), әлеуметтік аспект бойынша 27 балл (Social Dimension) алды. S&P Global Қордың іскерлік этикасын – 55 балл (business ethics) және клиенттермен қарым-қатынасты басқаруын – 100 балл (customer relationship management) деп жоғары бағалады. Қазір компанияның қаржылық көрсеткіштерімен қатар бизнестің әлеуметтік және экологиялық жауапкершілігіне де баса назар аударылады. Осы критерийлерді сақтау – қаржы ұйымдары үшін іргелі. Өйткені олар инвесторлар, қызметкерлер, жұртшылық секілді барлық мүдделі тараптар үшін қолайлы жағдай жасайды. ESG бағалауының жоғары деңгейі компанияның беделін нығайтуға және оның имиджін арттыруға ықпал етеді. Осыған байланысты, «Даму» Қоры әлеуметтік, корпоративтік және экологиялық міндеттерді күн тәртібінен түсірмейді және оны дамытып, басқару тәжірибесін жетілдіреді. Қор «жасыл жобалар» халықаралық бағдарламасын жүзеге асыру ісіне тұрақты түрде қатысып келеді. Осыған байланысты, Қор Халықаралық «жасыл» трендті ұстана отырып, жалпы сомасы 150,4 млрд теңгеге 141 жасыл жобаны қолдады. Сонымен қатар, 2020 жылы Қор «жаңартылатын энергия көздеріне инвестиция салу тәуекелдерін азайту» жобасы аясында БҰҰ ДБ-ның қолдауымен АХҚО қор биржасы алаңында 200 млн теңгеге «жасыл» облигацияларды дебюттік орналастырды. Ол үшін Қор «Жасыл нарық пионері» – Climate bonds Awards сыйлығын алды. ESG факторларының әлеуметтік компоненті де маңызды. Ол құқықты сақтауға, жұмысқа орналасу кезінде тең мүмкіндіктер ұсынуға, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жұмысшылардың денсаулығын сақтау және гендерлік теңдікті ұстануға бағытталған. Қор арнайы несие желісі түрінде қаржыға қол жеткізу, сондай-ақ ақпараттық қызметтер көрсету арқылы әйелдер басқаратын кәсіпорындарды қолдау бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. Осылайша, бүгінге дейін кәсіпкер әйелдердің 93,4 мың жобасына жалпы сомасы 2 701 млрд теңгеге қолдау көрсетілді. Бұл – қолдау алған барлық жобалардың жалпы санының 48%-ы және барлық несиенің жалпы сомасының 24%-ын құрайды. Қор ішкі ғана емес сыртқы әлеуметтік бағдарламаларды да үнемі жүзеге асырады. Мысалы, covid-19-дан зардап шеккен экономика секторларын қолдау жөніндегі іс-шаралар аясында «Даму» Қоры KASE алаңына 1 млрд теңгенің әлеуметтік облигацияларын шығарды. «Жасыл кеңсе» концепциясы аясында Қор энергия үнемдеу мәдениетін арттыру, ресурстарды тұтынуды (энергия, су) азайту бойынша жұмыс жүргізуде. Қордың барлық бизнес-процестері толық автоматтанған. Бұл – қағаз күйіндегі құжат айналымын алып тастауға және paper free бағытын жүзеге асыруға мүмкіндік берді. 2022 жылы электр энергиясын тұтыну деңгейі алдыңғы кезеңмен салыстырғанда 12%-ға төмендеді. «Даму» Қоры мемлекеттің қатысы бар қаржы институттары арасында алғашқылардың бірі болып ESG бағасын алды. Бір айта кетерлігі, тұрақты даму саласындағы қаржы ұйымдарының орташа бағасы халықаралық рейтингте «21» деңгейінде тіркелген.

  • 13.09.2023
  • 199
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

Байбазаров Н.С.
(Мұрағат)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика