• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ахметжанов М.М.
Ахметжанов М.М.

Ақмола облысының әкiмi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ауыл шаруашылығы министрі Ақмола облысының диқандарымен егістікте кездесті

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың алғашқы жұмыс сапары Ақмола облысында өтті. Еліміздің солтүстік өңірлерінің арасындағы күзгі-дала жұмыстарының ең төмен қарқыны осында байқалады. Ауа-райының қолайсыздығына байланысты барлығы 834,3 мың га астық немесе жалпы алаңның 17% - ы жиналды.

9 қыркүйек, сенбі күні Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы облыстың үш ауданына барды.  Әрқайсысында агроқұрылымдардың басшыларымен өзекті мәселелер талқыланды.  Осы күзде олардың барлығында мәселе бірдей. Екі аптадан астам жаңбырдың салдарынан диқандар бидайды жинай алмай отыр. Диқандар астықтың сапасыз болып, келесі жылы тұқымсыз қалатынына алаңдаулы. Оларды астықты кептіру үшін әлдеқайда көп отын қажет ететін элеваторлардың рентабельділігі де алаңдатады. Несиелік міндеттемелер мен субсидияларда шаруалар үшін маңызды мәселенің бірі болып тұр.

Айдарбек Сапаров барлық мәселелер жедел шешілетінін атап өтті.

«Мемлекет тарапынан қажетті қолдау көрсетілетін болады. Барлық қаржы институттары несиелік міндеттемелерді ұзарту мүмкіндігін жеке қарастырады. Астықты кептіруге арналған дизель отынының бағасы мен қосымша көлеміне келетін болсақ, басқа мемлекеттік органдармен келісу процесі аяқталып жатыр. Лицензияланған астық қабылдау кәсіпорындары мен кептіргіштері бар фермерлер үшін міндетті түрде арзандатылған отын беріледі», - деді Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы агроқұрылымдардың басшыларымен кездесуде.

Шаруалармен кездесуге қатысқан Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов барлық шаралар қабылданатынын айтты. Оның айтуынша, өңірде егін жинау науқанын өткізу мәселелері бойынша облыс әкімінің орынбасары бастаған комиссия құрылды.

Ақмола облысына сапары қарсаңында ауыл шаруашылығы министрі жедел штаб отырысын өткізіп, бірқатар тапсырмалар берді. Оның ішінде астық қабылдау кәсіпорындарының қызметтері бағасының өсуінсіз тәулік бойы жұмыс істеуін, астықтың сандық-сапалық сипаттамаларын есепке алу үшін аумақтық инспекциялар мен карантиндік қызметтердің тәулік бойы жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

«Қазагроэкс» АҚ Азық-түлік корпорациясындағы қолда бар астық қорын зерттеп, оның тұқым материалы ретінде пайдалануға жарамдылығын тексереді. 2024 жылы себілетін тұқымдар бөлек сақталады.

Облыс әкімдіктері субсидия алуға келіп түскен өтініштерді қарау үшін қосымша мамандарды тартады.

Шаруалар арасында туындайтын сұрақтар мен мәселелерді жедел шешу үшін Ауыл шаруашылығы министрінің тапсырмасымен жұмыс тобы құрылып, Қостанай облысына барды. Кейін уәкілетті органдардың өкілдері Солтүстік Қазақстан мен Ақмола өңіріне баруға тиіс.

Ауыл шаруашылығы министрлігі қабылдап жатқан шаралар қолайсыз ауа-райының салдарын барынша азайтуға және қазақстандық шаруаларды қолдауға мүмкіндік береді.

9 қыркүйектегі жедел мәліметтерге сәйкес, республика бойынша барлығы 5 млн гектар астық жиналды, бұл жалпы егіс алқабының 29,2%-ын құрайды. Орташа өнімділігі 9,9 ц/га болған кезде 5 млн тонна астық бастырылды

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

  • 13.09.2023
  • 200
Ахметжанов М.М.

Ақмола облысының әкiмi

Ахметжанов М.М.
(Мұрағат)

Ақмола облысының әкiмi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика