• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Нұрлан Ноғаев АҚШ-тың Қазақстандағы елшісімен кездесті

Маңғыстаудың АҚШ-пен сыртқы сауда айналымы 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында айтарлықтай өсіп, бес есеге артты. Бұл туралы Нұрлан Ноғаевтың Қазақстан Республикасындағы АҚШ-тың Төтенше және Өкілетті Елшісі Дэниел Натан Розенблум бастаған делегациямен кездесуі барысында белгілі болды, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Кездесуде тараптар экономикалық өркендеу, жасыл энергетика мүмкіндіктері, өңірдің әлеуметтік-экономикалық әлеуеті, Транскаспий көлік бағытын дамыту мен қолдауға байланысты мәселелерді талқылады. 

АҚШ Маңғыстау облысының сыртқы сауда қатынастарында маңызды рөл атқарады. Соңғы жылда екі ел арасында тауар айналымының жалпы көлемінде өсім байқалады. Бұл көрсеткіш автомобиль бөлшектері, өнеркәсіпке арналған жабдықтар, тұрмыстық техника және ұялы телефон сияқты импорттық тауарларда көрінеді. 

Маңғыстау облысында экономиканың түрлі салаларында американдықтардың қатысуымен 15 кәсіпорын тіркелген. 

- Сіздерді киелі Маңғыстау жерінде көргенімізге қуаныштымыз. Бүгінгі кездесу алдағы үлкен жобалардың басы болады деп сенеміз. Маңғыстау-елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосатын, теңіз арқылы бес елмен шектесетін, Қазақстандағы жетекші және маңызды өңірлерінің бірі. Маңғыстау облысының экономиканы дамытудағы басым бағыттары- мұнай-газ өндіру, мұнай сервисі, өңдеу өнеркәсібі, көлік және логистика, агроөнеркәсіптік кешен, туризм және жаңартылатын энергетика болып табылады. Сонымен қатар, Маңғыстау Қазақстан мұнайының төрттен бірін өндіретін өнеркәсіптік аймақ. Жыл сайын өңірде 17 миллион тоннаға дейін мұнай өндіріледі, бұл Қазақстандағы барлық мұнайдың 20%-ын құрайды. Сондай-ақ, тау-кен өнеркәсібі өңір экономикасындағы алдыңғы қатарда. Мұнда ЖӨӨ-нің жартысынан астамын және өнеркәсіп көлемінің 80% - дан астамын тау-кен өнеркәсібі құрайды. Қазіргі таңда, түйе шаруашылығы, жылыжай салу, балық және жоңышқа өсіру сияқты ауыл шаруашылығы салаларына назар аудара отырып, аймақтық экономикасын жаңа деңгейге көтеру басты назарда. Сөз соңында біз екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған барлық бастамаларды қолдауға әрқашан дайын екенімізді айтқым келеді. Маңғыстауға тағы да қош келдіңіз, - деді Нұрлан Ноғаев. 

АҚШ-тың Төтенше және Өкілетті Елшісінің төрағалығымен келген делегация мүшелерін өңірдің бірегей табиғи ресурстары, Каспий теңізінің орналасу жақындығы қызықтырған. Сондай-ақ, Маңғыстау ландшафтының алуан түрлілігі мен осындағы жалпыұлттық маңызға ие киелі ескерткіштер таңдандырған. Айта кетейік, дәл осы артықшылықтарының арқасында Маңғыстау Қазақстандағы он негізігі туристік бағыттардың біріне кіреді.

  • 14.09.2023
  • 210
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика