• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қамбаров Қ.Т.
Қамбаров Қ.Т.

ҚР МАМ Жастар және отбасы істері комитеті төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
2020 жылдың қорытындысы бойынша жастар және отбасы саясаты саласындағы ақпарат

         Қымбатты достар,  2020 жылды қорытындылайтын уақыт та келіп жетті!

         Кебісе жылы бүкіл адамзат тарихында біздің дамуымыздың сындарлы кезеңдерінің бірі ретінде мәңгі есте қалады.

         Осы жылы әрқайсымыз тап болған сын-қатерлер мен салдарлар жанашырлық, мейірімділік, отбасының жан-жылуы, өз денсаулығымыз бен қоршаған ортаға ұқыпты қарау сияқты дәстүрлі жалпыадамзаттық құндылықтардың маңыздылығын түсінуге мүмкіндік берді.

         Барлығымыз бірге кедергілерді еңсердік, жаңа мүмкіндіктерді зерттеп, жаңа шешімдерді меңгердік.

         2020 жылы жастар және отбасы саясаты саласында саланың одан әрі дамуына әсер ететін көптеген жұмыстар атқарылды, нақты нәтижелерге қол жеткізілді.

         Жастар жылы жол картасы шеңберінде шаралар кешенін іске асыру жалғасуда және «Қазақстан 2020: болашаққа жол» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру аяқталды.

         Биылғы жылы жүргізілген кең ауқымды ғылыми-зерттеу және талдамалық жұмыстардың басым бөлігі 2021 жылы бастау алатын жоспарланып отырған мемлекеттік жастар саясаты туралы қолданыстағы заңнаманы жетілдіру үшін нақты негіздерді айқындады және жаңа құрылым мен форматтан басқа, қолданбалы сипатқа бағытталған «Қазақстан жастары – 2020» Ұлттық баяндамасын дайындау барысында қолданылды.  Жастар құндылықтарының құрылымында бірнеше жыл бойы отбасы, денсаулық және достық құндылықтарының басымдығы сақталып отырғаны қуантады.

         Пандемияға байланысты шектеулерге қарамастан, ТМД елдерінің стратегиялық серіктестерімізбен жастар саясаты саласындағы халықаралық ынтымақтастық өз жалғасын тапты. Қазақстан мен Ресейдің волонтерлік ұйымдары көшбасшыларының қатысуымен Волонтерлік кеңестің 3 онлайн-отырысы, ТМД – ға қатысушы мемлекеттердің Жастар ісі жөніндегі кеңесі табысты өткізілді. Біздің тарапымыздан  2021 жылға арналған жаңа бірлескен жобалар бойынша ұсыныстар айтылды, жастар саясаты саласындағы халықаралық және өңіраралық ынтымақтастықты кеңейту мен нығайтуға қолдау көрсетілді.

Жаңа жағдайларды ескере отырып, дәстүрге айналған «Zeren» республикалық жастар білім беру жобасы ұйымдастырылып, өткізілді. Еліміздің әр аймағының 4,5 мыңнан астам жастары өз шеберліктерін, идеяларын көрсетуге және еліміздің танымал адамдарымен кездесуге, олардан кеңес және практикалық ұсыныстар алуға мүмкіндік берілді.

         Жастар және отбасы істері комитеті әлеуметтік маңызы бар жобаларды, оның ішінде онлайн форматта іске асыруды жалғастырды, бұл, өз кезегінде, біріншіден, қатысушылар географиясын шалғайдағы ауылдарға дейін кеңейтуге, екіншіден, қатысушыларды қамтуды бірнеше есе арттыруға мүмкіндік берді. Барлығы 16 ҮЕҰ-ны тарта отырып, жастар және отбасы саясаты саласында 22 әлеуметтік жоба іске асырылды, 163 мың адамның қатысуымен 200-ден астам іс-шара ұйымдастырылды. Осыған ұқсас жобалар өңірлік деңгейде де іске асырылды.

         Жобаларды қашықтықтан іске асыру форматы мен жаңа технологиялар 209 өңірлік жастар ресурстық орталықтарының ұйымдастырушылық-әдістемелік базасын күшейту бойынша жұмыс жүргізуге мүмкіндік берді. Жастар және отбасы істері комитеті «Жастар»  ғылыми-зерттеу орталығымен бірлесіп «Jastarǵa – keńes», «Jastarǵa – bilim», «Jastarǵa – qyzmet», «Jastarǵa – jumys» жаңа жобаларын іске асырды, олардың шеңберінде елдің барлық өңірлерінен 600 мыңнан астам жаңа буын өкілдері жастарды қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар мен бастамалардың әртүрлі бағыттары бойынша қажетті консультацияларды алды. Бұл бағыттағы жұмыс 2021 жылы да өз жалғасын табады.

         2020 жылдың қорытындысы Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдаған және мемлекеттік жастар саясатын іске асыру бағыттарын айқындайтын 5 жылға арналған стратегиялық құжаттардың бірі  
2021-2025 жылдарға арналған жастарды қолдау жөніндегі кешенді жоспар болды.

         АҚДМ қызметінің негізгі бағыты отбасы саясаты болып табылады. Осы саладағы жұмысты жетілдіру үшін ҚР 2030 жылға дейінгі отбасы және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының екінші кезеңі бекітілді. Жыл сайынғы «Қазақстандық отбасылар – 2020» Ұлттық баяндамасы әзірленді, онда covid-19 пандемиясының отбасыларға әсерін ескере отырып, қазақстандық отбасылардың әл-ауқатына талдау жүргізілді. Талдау қорытындысы бойынша салада шешуді талап ететін мәселелер анықталды, мүдделі мемлекеттік органдарға ұсынымдар берілді. Сарапшылардың ұсынымдары негізінде жоспарларға өзгерістер енгізілетін болады.

         Аталған жұмыстар азаматтық қоғам институттарымен, республикалық жастар ұйымдарымен, жастар ресурстық орталықтарымен, ЖОО мен орта арнаулы  оқу орындарының  жанындағы Жастар ісі жөніндегі комитеттермен бірлесіп жүргізілді. Осыған байланысты сарапшылар қауымдастығына ерекше алғысымызды білдіргім келеді.

         2021 жыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығы  болатынын атап өткім келеді, оның аясында көптеген жобалар мен іс-шаралар жоспарланған.        

         Әрбір өңірдің даму ерекшелігін ескере отырып, жастардың өзекті мәселелері бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізілетінін және олардың қорытындылары бойынша жастар мәселелерін шешу үшін нақты және атаулы шараларды қоса отырып, іс-қимыл жоспары қабылданады (Жастарды қолдаудың кешенді жоспары негізінде).

         Министрлік азаматтық қоғам өкілдерімен, мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, ведомствоаралық өзара әрекетті тиімді жүргізу жолымен отбасы және жастар саясаты институтын одан әрі дамыту жөнінде жұмыстарды жүргізетін болады. Сонымен қатар, егер әрбір азамат ортақ мақсатқа өз үлесін қосса, біз табысты нәтижеге қол жеткіземіз деп сенемін.

         Биылғы жыл көрсеткендей, қиындықтар бізді біртұтас және мықты болуға шақырады. Кез-келген кедергілерді бірге жеңуге болады.

         Сіздерді келе жатқан Жаңа 2021 жылмен құттықтаймын! Баршаңызға денсаулық, отбасылық амандық, бақыт және сәттілік тілеймін!

  • 31.12.2020
  • 379
Қамбаров Қ.Т.

ҚР МАМ Жастар және отбасы істері комитеті төрағасы

Қамбаров Қ.Т.
(Мұрағат)

ҚР МАМ Жастар және отбасы істері комитеті төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика