- Блогтар
- Алимбаева Д.К.
Алимбаева Д.К.
«Қазгидромет» РМК бас директоры
2023 ж. 14 – 19 қыркүйек аралығындағы Каспий теңізінің қазақстандық бөлігіндегі деңгейiнiң болжамы*
Солтүстік Каспий: теңіздің орташа деңгейі минус 28,79 м белгісіне жуық, ал ауытқуы минус 28,45 м-ден 29,33 м-ге дейін болады деп күтілуде.
Орта Каспий: теңіздің орташа деңгейі минус 29,11 м белгісіне жуық, ал ауытқуы минус 28,70 м-ден 29,51 м-ге дейін болады деп күтілуде.
* Есептік сипаттамалар «Қазгидромет» РМК-де икемделген Дания гидравликалық институтының MIKE 21 гидродинамикалық модулін пайдалану барысында алынды.
2023 ж. 7 – 13 қыркүйек аралығына арналған Каспий теңізі су бетінің жай-күйі
Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде теңіз станциялары мен посттардың жедел деректері бойынша (Пешной, Жанбай, Құлалы аралы) теңіз деңгейінің орташа мәні 28,90 м-ге, ең жоғарғы мәні минус 28,54 м-ге, ең төменгі мәні минус 29,21 м-ге сәйкес келді.
Теңіз станциялары мен посттарының (Форт-Шевченко, Ақтау, Фетисово және Махачкала (Росгидромет)) жедел деректері бойынша Каспий теңізі деңгейінің орташа мәні минус 29,07 м-ге, ең жоғарғы мәні минус 28,68 м-ге, ең төменгі мәні минус 29,45 м-ге сәйкес келді.
- 18.09.2023
- 114