• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шахаров А.Б.
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Тұрғындар көтерген мәселелер аяқсыз қалмауы тиіс – Асхат Шахаров

Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров қаланың Батыс-2 ықшам ауданындағы желілік саябақ аумағын, тротуарларды, Шанхай ықшам ауданындағы кейбір көпқабатты үйлердің аулаларын жаяу аралап шықты. 

Ұзындығы 550 метрді құрайтын желілік саябақтың қазіргі күйі көңіл көншітпейді. Жасыл желектердің дұрыс суарылмауы, отырғызылған ағаштардың солып қалуына қатысты мердігер компания бұған дейін де сынға ұшыраған. Ал көгалдандыру – жобаның ең маңызды бөлігі. Өңір басшысы қала әкімдігіне мердігерлермен жұмысты күшейтіп, саябақты қалпына келтіру керектігін қадап айтты. 

Асхат Шахаров «Дина» супермаркеті аумағындағы тротуарларға да шүйлікті. Бұл маңда жұмыстар олқы-солқы жасалған, кейбір жерлер қазылып, сол күйінше жатыр. Дәл осындай аяқсыз қалған жұмыстар Шанхай ықшам ауданындағы Ө.Тұрмағамбетов көшесі №32 үйдің ауласында да бар. 

Осы үйдің тұрғыны Мәдина Сәрсенбаеваның айтуынша, бірнеше жыл бұрын аулаларды абаттандыру басталған, бордюрлері салынып, жарық шамдары қондырылған, алайда, мердігер компания жұмыстарын толық бітірмепті. Яғни, асфальт төселмеген. Тұрғындар балаларға арналған ойын алаңдарын салуды сұрады. Облыс әкімі Асхат Шахаров қала басшысына ақтөбеліктер көтерген мәселелер аяқсыз қалмауы тиіс екенін алға тартты, ұсыныстарын бағамдауды тапсырды. 

«Ауладағы шашылған қоқысты жинауға тұрғындар да үлес қосып, тазалыққа жауапкершілікпен қарауы тиіс» деген Асхат Шахаров бұл маңға бейнекамералар қондырылатынын алға тартты. 

Пожарская көшесі №36 үй тұрғындарының да ауланы абаттандыруға қатысты мәселелері бар. Келер жылы мұнда асфальт төселіп, көлік тұрағы салынады. 

Осы екі үйдің ортасындағы бос жер көгалдандырылып, тұрғындар демалатын орынға айналуы тиіс. 

Ал «Қоныс» спорт сарайының артында орналасқан, бүгінде бос жатқан жер алдағы уақытта ақтөбеліктердің спортпен шұғылданып, жастардың бос уақытын өткізетін орны болмақ. 

«Осы жерге үй, басқа да нысандар салуға қызығушылық білдірген кәсіпкерлер болды. Алайда, ешкімге де берілмейді. Бұл аумақта қала тұрғындарының спортпен шұғылдануына жағдай жасалады. Жастарымыздың бас қосатын, бос уақытын өткізетін орнына айналады. Қала әкімдігіне жоба дайындау туралы тапсырма берілді», - деді Асхат Шахаров. 

Облыс әкімі қаланы аралау барысында көтерілген барлық проблемаларды жойып, құрылыс жұмыстарын сапалы әрі мерзімінде орындауды жауапты мемлекеттің орган өкілдеріне міндеттеді

  • 18.09.2023
  • 163
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

Шахаров А.Б.
(Мұрағат)

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика