- Блогтар
- Ахметжанов М.М.
Ахметжанов М.М.
Ақмола облысының әкiмi
Марат Ахметжанов: "бюджетті басқарудан" "нәтижені басқаруға” көшу қажет
Жұмыс сапары аясында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Егіндікөл ауданының бірқатар әлеуметтік объектілерін аралады.
Ұзынкөл ауылында "Ушаково - Агро"ЖШС қызметімен танысты. Ауыл шаруашылығы алқаптарының ауданы 24 331 га, жайылымдар үшін 4414 га, егістік жерлер үшін 19 831 га құрайды. Техникалық паркі барлық қажетті техникамен қамтамасыз етілген.
ЖШС директоры Бақтияр Ысқақовтың айтуынша, бүгінгі таңда егін жинау науқаны қарқынды жүріп жатыр. 24 комбайн жұмылдырылды, тәулігіне бір комбайн 60-70 гектар егістік алқабын жинайды.
"Жалпы, кәсіпорындағы жағдай тұрақты, отын қоры жеткілікті, шарттардың мерзімін ұзарту талап етілмейді", – деді кәсіпкер.
Сонымен қатар, мал фермасы даму қарқынын арттыруда. Жобалық қуаты 600 мал басын құрайды. Атап айтқанда, серіктестік қой және ІҚМ өсірумен айналысады.
Облыс әкімі ауыл шаруашылығы басқармасына егін жинау науқанында кәсіпорынға барлық қажетті қолдауды көрсетуді тапсырды.
Жұмыс сапары Егіндікөл ауылындағы № 2 жалпы білім беретін мектепке барумен жалғасты.
Төрт қабатты ғимараттың жобалық қуаты 420 орынды құрайды, нақты 370 оқушы оқиды. Мектепте барлық қажетті материалдық-техникалық жабдықтар бар.
2022 жылы ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізілді. Ағымдағы жылы мектеп шатырын жөндеуге қаражат бөлінді, мердігер анықталды. Сапасыз жүргізілген жұмысқа байланысты, шатыр алғашқы жауын-шашынға төтеп бере алмады.
"Сіздер бұл объектінің әлеуметтік маңыздылығын, мұнда балалар білім алатынын түсінулеріңіз керек. Ең алдымен, олардың өміріне үлкен қауіп төндірдіңіздер. Жұмысты барлық тиісті нормаларға сәйкес аяқтау қажет", – деп, өңір басшысы мердігер ұйым өкілдеріне тапсырма берді.
Сонымен қатар, білім басқармасына жұмыс барысын бақылау тапсырылды.
Аудан орталығында Марат Ахметжанов аяқталмаған 16 пәтерлі үйді аралап көрді. Құрылыс 2019 жылы басталып, 2020 жылы пайдалануға беру жоспарланған болатын. Алайда, карантинге байланысты құрылыс тоқтатылды.
"Нұр Инвест Групп" ЖШС басшысы Рүстем Нұрлановтың айтуынша, құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты құрылысты аяқтау мүмкін емес.
Өңір басшысы кез келген жағдайда үй салуды аяқтау қажеттігін атап өтіп, мүдделі органдарға осы мәселені егжей-тегжейлі зерделеуді тапсырды.
Сапар барысында өңір басшысы аудан активімен кездесіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы айтты. Аудан басшылығына бірқатар міндеттер қойды, оның ішінде – ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерін орындау бойынша жұмысты жандандыру, инвестициялық жобаларды дамыту.
" Мемлекет басшысы өзінің Жолдауда ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуді ерекше атап өтті. Егіндікөл ауданында бұл бағытты дамыту – жүзеге асырылатын міндет. Біздің ортақ мақсатымыз – өмір сүру үшін жағдай жасау, атап айтқанда, инвестиция тарту және жаңа жұмыс орындарын ашу", - деп атап өтті М. Ахметжанов.
- 19.09.2023
- 155