- Блогтар
- Ахметжанов М.М.
Ахметжанов М.М.
Ақмола облысының әкiмi
«Жер-2023» республикалық командалық-штаптық оқу-жаттығуының қорытындысы шығарылды
Екі күн ішінде құрамында төтенше жағдайлар департаменті мен облыстық азаматтық қорғау қызметтерінің өкілдері бар Ақмола облысының жедел тобы «Жер-2023» республикалық командалық-штаптық оқу-жаттығуларына қатысты, – деп хабарлайды Ақмола облысының ТЖД баспасөз қызметі.
Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – жер сілкінісі кезіндегі іс-қимылдарға халықты даярлау мен оқыту, жалпы қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ азаматтық қорғау күштерінің дайындық деңгейін арттыру.
«Алматы қаласында «Жер-2023» республикалық командалық-штаптық оқу-жаттығуы өтті, онда Ақмола облысының жеке құрамынан 60 адам мен 6 техника, сондай-ақ облыстық аумақтық азаматтық қорғау жүйесінің 14 қызметі қатысты. Барлық қойылған кіріспелер ескертусіз белгіленген мерзімде орындалды. Ақмола облысы ТЖ салдарын жоюға дайын», – деп атап өтті Ақмола облысы ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев.
РКШОЖ қорытындысы бойынша оқу-жаттығуға толық талдау жүргізілді, авариялық-құтқару құралымдарының дайындығына баға берілді, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің қызметін одан әрі жетілдірудің басым бағыттары айқындалды.
- 19.09.2023
- 166