• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Өрт сөндірушілердің материалдық-техникалық базасын жаңарту: Маңғыстау құтқарушыларына жаңа арнайы техника берілді

20 қыркүйекте Ақтауда Маңғыстау облысы ТЖД қызметкерлеріне 31 жаңа арнайы техниканың кілттерін табыстау рәсімі өтті. Жаңа автомобильдердің ішінде автоцистерналар, өрт сөндіруге, байланыс пен жарықтандыруға арналған автомобильдер, сондай - ақ авариялық-құтқару операцияларына, кинологиялық қызметке, газ-түтіннен қорғау қызметіне арналған мамандандырылған автомобильдер және басқа да маңызды техникалық құралдар бар, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Іс-шараға Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов, Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Жұмабай Қарағаев, Төтенше жағдайлар органдарының құрметті ардагерлері мен осы техниканы сатып алуға үлес қосқан негізгі компаниялардың өкілдері қатысты.

Жұмабай Қарағаев өз сөзінде  Маңғыстау облысы ТЖД қызметкерлерінің жұмысына табыс тілеп, өрт сөндіру техникасын жаңарту - олардың қызметінің тиімділігі мен сапасын тікелей арттыратынын атап өтті.

-Жаңа арнайы техникалар біздің құтқарушыларымызға төтенше жағдай кезінде жедел қимылдауға, азаматтарымыздың өмірін сақтап қалуға және олардың қауіпсіздігін арттыруға  мүмкіндік береді, - деді Жұмабай Қарағаев.

Соңғы мәліметтерге сүйенсек, Маңғыстау облысының өрт сөндіру техникасы паркінің жабдықталу деңгейі 90%. Жаңа жабдық олардың мүмкіндіктерін толықтырып,  төтенше жағдайлар шұғыл әрекет етуге көмектеседі. 

Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару операцияларына арналған автомобильдерінің жалпы саны 127 бірлікті құрайды, оның ішінде 109-ы  өрт сөндіру автокөлігі және 18 -і жедел құтқару жасағының техникалық бірлігі.

2014-2022 жылдар аралығында облыс әкімдігінің қолдауымен жергілікті бюджет қаражаты есебінен 30-дан астам техника сатып алынды. 

Биыл алғаш рет сатып алынған 31 жаңа техниканың 29 бірлігі қаржылық лизингтің, ал екі бірлігі жергілікті бюджет есебінен қарастырылған. Барлық техника Қазақстандағы «Камаз-инжиниринг» компаниясында шығарылған және «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ арқылы сатып алынған. 

- Бір сәтте 30 жаңа техника сатып алу Маңғыстау облысы үшін жағымды жаңалық. Бұған дейін материалдық-техникалық база бірнеше рет толықтырылған болатын. Бірақ биыл облыс әкімдігінің қолдауымен алғаш рет өрт техникасы паркін дамытуға, осындай ауқымды шараны жүзеге асыруға мүмкіндік туды. Біздің өрт сөндірушілер ретіндегі басты мақсатымыз - халықтың өмірі мен әл-ауқатының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, еліміздің мүддесін қорғау. Осы міндеттерді дер кезінде орындау үшін, төтенше жағдайларға жедел ден қоюға мүмкіндік беретін заманауи техника қажет, - деді Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов.

  • 20.09.2023
  • 272
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика