• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ахметжанов М.М.
Ахметжанов М.М.

Ақмола облысының әкiмi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Қосшы қаласына барды

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов облыстық маңызы бар Қосшы қаласына барып, қаланың бірқатар әлеуметтік және тұрғын үй-коммуналдық салаларының қызметімен танысты.

Сапар салынып жатқан дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне барудан басталды.

«AK Construction Company» ЖШС өкілінің айтуынша, орындалған жұмыс көлемі бүгінгі таңда 50% құрайды. Қабырғалардың құрылымы, еден байланысы орнатылды. Сыртқы инженерлік желілер тартылды.

Өңір басшысы осы объектінің дамушы қала үшін маңыздылығын атап өтіп, қарқынын арттыруды, сондай-ақ жұмыстарды тиісті нормалар шеңберінде орындауды тапсырды.

Қосшы қаласындағы қалаішілік жолдар құрылысының барысы туралы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Владимир Кулаков хабарлады.

Қосшы қаласының көше-жол желісінің жалпы ұзындығы 185 км құрайды, оның ішінде асфальтбетон жабыны 95,7 км, қиыршық тас жабыны 32,2 км және топырақ жамылғысы 57,1 км.

Бүгінде салынып жатқан мектеп-гимназияның, «Нұрай» мектебінің, сондай-ақ өрт сөндіру депосының кірме жолдарының құрылысы бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Сапар № 3 мектеп-гимназия мен жалпы білім беретін мектепке барумен жалғасты.

Білім басқармасының басшысы Шоқан Оразалиннің айтуынша, Қосшыда 10 мыңнан астам оқушы оқиды.

«Екі жаңа мектептің ашылуымен біз үш ауысымды білім беруді жойдық. Қалада барлығы 7 орта білім беру ұйымы жұмыс істейді. 1200 орындық мектеп құрылысы жүргізілуде. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 2024-2025 жылдар аралығында 4700 орындық 3 мектеп салу жоспарлануда», - деді ведомство басшысы.

Мектеп-гимназияда өңір басшысы қауіпсіздік бойынша қабылданып жатқан шараларды оң бағалады.

«Бұл елдегі 123 камера орнатылған алғашқы мектеп. Оқушылардың қауіпсіздігі үшін өте дұрыс шешім. Бұл жұмысты жалғастырып, мектеп психологын бақылауға тарту керек», - деп атап өтті өңір басшысы.

№ 1 емханада Марат Ахметжанов материалдық-техникалық базамен танысты және келушілермен кездесті. Облыс әкімі азаматтарды тіркеу жұмыстарын жолға қоюды, мекеменің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын жақсартуды тапсырды.

Одан әрі Қосшы қаласының әкімі Гайдар Касьянов қаланың бас жоспарының жобасымен таныстырып, алдағы даму жоспарлары туралы хабардар етті.

Сапар соңында өңір басшысы «Сапа Су» ЖШС темірбетонды қысымсыз құбырлар шығаратын кәсіпорында болып, қала активімен кездесті.

«Біздің алдымызға нақты міндеттер қойылды, өңірді одан әрі дамыту үшін барлық жағдайлар жасалуда. Азаматтарды бағалау – жергілікті атқарушы органдар тиімділігінің негізгі критерийі. Проблемалар жеткілікті, олар жалпыға белгілі. Сондықтан үлкен бірлескен жұмыс күтіп тұр», - деп қорытындылады Марат Ахметжанов.

  • 21.09.2023
  • 220
Ахметжанов М.М.

Ақмола облысының әкiмi

Ахметжанов М.М.
(Мұрағат)

Ақмола облысының әкiмi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика