- Блогтар
- Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.
Маңғыстау облысының әкімі
Ауылдарды дамыту және кеден бекетін жаңғырту: Нұрлан Ноғаев Бейнеу ауданындағы бірқатар ауылдардың тұрғындарымен кездесті
Нұрлан Ноғаев 21 қыркүйекте Бейнеу ауданына жұмыс сапарымен келді. Өңір басшысы Сыңғырлау, Ақжігіт және Тәжен ауылдарын аралап, әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты, сондай-ақ, халықпен кездесу өткізді, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Алдымен облыс әкімі Сыңғырлау ауылына барып,онда жергілікті тұрғындармен кездесу өткізді. Тұрғындар ауылішілік газ құбырын жаңарту, экологиялық мәселелерді шешу, балалар алаңдарын салу, сондай-ақ ауылға кіреберістегі жолды жарықтандыру мәселелерін көтерді.
Сыңғырлау ауылында 500-ден астам адам тұрады, олардың басым бөлігі мал шаруашылығымен айналысады. Ауыл тұрғындары аймақтың мәдени өміріне белсенді қатысады. Биылғы жылы Сыңғырлаудағы Тастеміровтар отбасы «Мерейлі отбасы-2023» ұлттық байқауының республикалық кезеңінің лауреаты атанса, өткен жылы Себепбаевтар отбасы да осы бақауда үздіктер қатарынан көрінген болатын. Сонымен қатар, облыстық «Абысын-ажын» байқауында Бітімовтер отбасы тамаша нәтиже көрсетті.
Одан әрі әкімінің сапары Ақжігіт ауылында жалғасты, онда өңір басшысы жергілікті жалпы білім беретін мектептің жай-күйімен танысты. Мектепке былтыр жаңғырту жұмыстары жүргізілген, нысанының қас бетін жөндеу жұмыстары 2024 жылы аяқталады деп жоспарлануда. Онда 200-ден астам оқушы оқиды, оларға 50 мұғалім білім береді.
Халықпен кездесуде ауыл тұрғындары ауыз суға арналған жаңа резервуар, спорт кешенін салу қажеттілігі мен дәрігерлердің тапшылығы мәселесі туралы айтты.
- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шағын шаруашылықтарды қолдау ауылдық елді-мекендерді дамытуда шешуші рөл атқаратынын атап өтті. Осы тұрғыда «Ауыл аманаты» бағдарламасы өзінің тиімділігін көрсетті. Мемлекет ауыл тұрғындарын әлеуметтік тұрғыдан қамтуға, сумен жабдықтауға, әлеуметтік нысандар құрылысы және ауылдарды дамытуға байланысты мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруда жан-жақты көмек көрсетіп келеді. Алайда бұл жерде президенттің Қазақстан халқына соңғы Жолдауында айтылған су ресурстарының тапшылығы мәселесіне назар аудару керек. Бүгін біз сіздердің сұрақтарыңызды мұқият тыңдадық, осы мәселелерді шешу үшін уәкілетті органдар қажетті шараларды қабылдайтын болады, - деп атап өтті Нұрлан Ноғаев.
Сондай-ақ, Нұрлан Ноғаев Тәжен ауылында болды. Онда тұрғындар амбулатория салу және жолдарды асфальттау мәселелерін көтерді.
Бұдан бөлек, өңір басшысы «Тәжен» кеден бекетінде барып, онда жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. Кеден Қазақстан-Өзбекстан шекарасында орналасқан, көпжақты жүк тасымалдауға арналған, жолаушылар мен автомобиль қатынасын қамтамасыз ететін ірі халықаралық пункт болып табылады. Жаңғырту аяқталғаннан кейін кеден бекетінің өткізу қабілеті екі есеге артады.
Нұрлан Ноғаев кедендік бақылаудың тиімді жұмысының және «Тәжен» кеден бекеті арқылы транзит көлемін ұлғайтудың маңыздылығын атап өтті. Бұл шаралар экономикалық қатынастардың дамуына және әртүрлі аймақтар арасында тауар алмасуға ықпал етеді.
- 22.09.2023
- 174