• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ахметжанов М.М.
Ахметжанов М.М.

Ақмола облысының әкiмi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Құрметті ақмолалықтар! Баршаңызды келе жатқан 2021 жылмен шын жүректен құттықтаймын!

Жаңа жыл әр отбасының жаңа бір үміт-тілекпен қарсы алатын мерекесі. Әркім өткенді ой елегінен өткізіп, артта қалып бара жатқан жылдың қиыншылығын бірге еңсерген жандардың бір-біріне алғыс айтып, тілектес болары бар.

Барша ақмолалықтарға бірлесіп атқарған нәтижелі жұмыстарымыз үшін ризашылығымды білдіремін. Коронавирус індеті және соған сәйкес карантиндік шектеулер барлық әлемнің ғана емес, біздің еліміздің де ынтымағы мен бірлігімізді сынға салған шынайы емтиханға айналды.

Індетке қарсы және оның зардаптарын жою күресінде ақмолалықтар бірлік, ізгілік, еңбексүйгіштік пен жоғары жауапкершілік таныта білді. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап көрсеткеніндей әрбір дағдарыстық жағдай жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Барлық қиындықтарға қарамастан сол дағдарысты жағдайды бірлесіп жеңіп, үлкен жұмыс атқардық.

Біз 2020 жылды облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының барлық салаларында маңызды жетістіктермен және жағымды өзгерістермен аяқтап отырмыз. Өңірімізде барлық көрсеткіштер бойынша оң нәтижеге қол жеткізіп, республикада алдыңғы қатарда тұрмыз. Жыл ішінде біз қауіпсіз және жайлы өмір сүруді қамтамасыз ете алдық. Жаңа тұрғын үйлер, мектептер, ауруханалар және өзге де әлеуметтік нысандар салынды. Жол-көлік инфрақұрылымы дамытылды. Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, цифрландыру саласында мүмкіндігі зор жобалар жүзеге асырылды.
Осы игі істерді, өңірдің өмірінің жақсаруы мен экономикасының дамуын жүзеге асыруға үлес қосқан, күрделі кезеңде қажырлы еңбек еткен барлық ақмолалықтарға шынайы ризашылығымды білдіремін.

Әрине, жаңа жылды біз бірге бас қоспай, жаппай шаралар өткізбей қарсы алуға мәжбүрміз. Індетке байланысты біз өзімізді және жақындарымызды сақтай білуіміз керек. Жаңа жыл отбасылық мереке болғандықтан, оны әркім өзінің отбасымен қарсы алудың жақсы бір мүмкіндігі туып отыр. Баршаңызды жаңа жылды өз отбастарыңызбен қарсы алуға шақырамын.

Біз, міне 2021 жылды қарсы аламыз! Жаңа жылда баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен береке тілеймін! Ел бірлігі сақталып, халқымыз ұлы жеңістерге жете берсін!

Жаңа жыл құтты болсын!

  • 31.12.2020
  • 292
Ахметжанов М.М.

Ақмола облысының әкiмi

Ахметжанов М.М.
(Мұрағат)

Ақмола облысының әкiмi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика