- Блогтар
- Алимбаева Д.К.
Алимбаева Д.К.
«Қазгидромет» РМК бас директоры
2020 жылғы 23 желтоқсандағы бенз(а)пирен құрамының нәтижелері ШРШ-дан төмен шоғырлануды көрсетті
«Қазгидромет» РМК тұрақты түрде Алматы қаласының атмосфералық ауасының құрамында бенз(а)пиренді анықтау бойынша іріктеу және талдау сынамаларын жүргізеді. Бенз(а)пирен ірі қалаларда көбінесе автомобиль көлігінен бөлінеді.
Алматы қаласының атмосфералық ауасының бенз(а)пирен құрамын анықтау бойынша сынамаларын іріктеу және талдау нәтижелері 2020 жылғы 23 желтоқсандағы ШРШ-дан төмен шоғырлануды көрсетті (елді мекендердің ауасындағы орташа тәуліктік ШРШ = 0,001 мкг/м3).
Сынама алу келесі 5 нүктеде жүргізілді:
- Амангелді к-сі., Сәтпаев көшесінің қиылысы;
- Райымбек даңғылы, Наурызбай батыр көшесінің қиылысы;
- Айнабұлақ-3 шағын ауданы;
- Ақсай-3 шағын ауданы, Маречека к-сі., Б. Момышұлы көшесінің қиылысы;
- Тастақ-1 шағын ауданы, Төле би к-сі., 249.
Бенз(а)пиреннің нақты шоғырлануы 0,0003-0,0005 мкг/м3 құрады.
- 05.01.2021
- 226