• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Саткалиев А.М.
Саткалиев А.М.

ҚР Энергетика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ҚР Энергетика министрі АЭХА Бас конференциясының жыл сайынғы сессиясына қатысты

Вена қаласында (Австрия) Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (АЭХА) 67-ші жыл сайынғы Бас конференциясы өтуде. Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев бастаған қазақстандық делегация осы конференцияға қатысуда.

АЭХА Бас конференциясы атом саласындағы стратегиялық мәселелерді талқылауға арналған бірегей алаң болып табылады, оның жұмысына жыл сайын агенттікке мүше 177 мемлекеттің мыңдаған өкілдері қатысады.

Іс-шара барысында ҚР Энергетика министрі еліміздің АЭХА-мен ынтымақтастығының негізгі бағыттары туралы баяндама жасады.

Министр Қазақстанның Агенттікпен өзара іс-қимылы техникалық ынтымақтастық бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылып жатқанын еске салды. Аталған бағдарлама бойынша іске асырылған ұлттық және өңірлік жобалар елдегі ядролық және радиациялық қауіпсіздікті, сонымен қатар радиоэкологиялық проблемаларды қамтамасыз ету жөніндегі мәселелерді шешуге үлкен әсер етті, және атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласын табысты дамытуға қуатты серпін берді.

Атап айтқанда, АЭХА қолдауымен медицина қажеттіліктері үшін радиофармпрепараттар өндірісі жолға қойылды және табысты жұмыс атқаруда; атом саласы мамандарын даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүзеге асырылуда.

АЭХА мамандары Қазақстанға АЭС құрылысын жоспарлау бойынша Миссиялар жүргізу арқылы консультативтік қолдау көрсетуде. Мәселен, ағымдағы жылдың наурыз айында АЭХА-ның Қазақстанның ядролық-энергетикалық инфрақұрылымының АЭС салу бойынша шешім қабылдауға дайындығын бағалау жөніндегі миссиясы өтті.

Бас конференция аясында энергетика министрі АЭХА Бас директоры Рафаэль Гроссимен, ҚХР атом энергиясы агенттігі төрағасының орынбасары Цзин Лю, АҚШ Энергетика министрінің ядролық қауіпсіздік жөніндегі орынбасары, Ұлттық ядролық қауіпсіздік басқармасының әкімшісі Джилл Хрубимен және Еуропалық комиссияның атом саласы мәселелерін үйлестіру жөніндегі бас директорының орынбасары Массимо Гариббамен кездесті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы 1 қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдауында елімізде АЭС салу мәселесі бойынша жалпыұлттық референдум өткізуге бастамашы болды. Қазақстан Республикасының Президенті референдум өткізу мерзімдері кейінірек белгіленетінін атап өтті. Референдум өткізу тәртібі 1995 жылғы 2 қарашадағы «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен регламенттелген. Заңға сәйкес референдум өткізу күні Президенттің Жарлығымен белгіленеді.

Қазақстан 1994 жылдан бастап АЭХА мүшесі болып табылады.

  • 26.09.2023
  • 177
Саткалиев А.М.

ҚР Энергетика министрі

Саткалиев А.М.
(Мұрағат)

ҚР Энергетика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика