• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шахаров А.Б.
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Асхат Шахаров Ақтөбе қаласын дамытуға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді

 

Ақтөбе қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері  Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен отырыста талқыланды.

Қала әкімі Азамат Бекет дамудың негізгі көрсеткіштері, маңызды проблемалық мәселелерді шешу, сондай-ақ жаңа өнеркәсіптік және әлеуметтік жобаларды іске асыру туралы баяндады.

Облыс басшысы биылғы жылдың 8 айының қорытындысына сәйкес,  Ақтөбеде көтерме сауда, өнеркәсіп, өңдеуші өнеркәсіпте және инвестициялар тартуда әлеуметтік-экономикалық дамудың төрт негізгі көрсеткіші бойынша төмендеу тіркелгенін тілге тиек етті. Сондай-ақ, стратегиялық құжаттардың бірқатар негізгі көрсеткіштері мен іс-шараларын орындамау қаупі бар. 

«Қала әкімі облыстың салалық басқармаларымен бірлесіп, әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша өсу резервтерін тез арада іздестіруі қажет», - деді Асхат Шахаров.  

Облыс әкімі сондай-ақ жұмыстардың мардымсыздығы және бақылаудың жоқтығын сөз етті. Яғни, биылғы жылы бірқатар әлеуметтік маңызы бар жобалар, соның ішінде жолдарды жөндеуге қатысты жобалар уақытылы іске асырылмаған. Сондай-ақ, қаланы күтіп-ұстауға жұмсалған шығындардың екі есеге артқанына, арнайы техниканы сатып алуға 2 млрд теңгеге жуық қаражаттың бөлінгеніне қарамастан, жұмыстар тиісті деңгейде ұйымдастырылмай отыр. Ірі көлемді қоқыстарды шығару және қаланы абаттандыру жұмыстарының сапасы мәселесі өзекті болып қала береді. 

Аймақ басшысы әлеуметтік мәселелерге, тұрғын үй құрылысы бойынша жұмыстарды жеделдету және мүгедектігі бар адамдар үшін инфрақұрылым нысандарының қолжетімділігін қамтамасыз ету қажеттігіне назар аударды. 

«Биылғы жылы 114 нысанды бейімдеу жоспарланған, бүгінгі күні оның 70 нысаны немесе 61,4%-ы  бейімделген.  Бұл бағыттағы жұмысты жандандыру қажет», - деді Асхат Шахаров.

Жиын барысында қоғамдық кеңес мүшелері, қалалық мәслихат депутаттары ойларын айтып, пікірлерімен бөлісті. Оларды қаланың ескі бөлігінің проблемалық мәселелері, денсаулық сақтау нысандарын жөндеу және салу, шаһардағы тұрғын үй алаптарында мектептер мен балабақшалардың бой көтеруі сынды және т.б. мәселелер толғандырады.

Сөзін түйіндеген облыс әкімі Асхат Шахаров қала әкімдігіне Ақтөбені дамытуға, оның ішінде шеткі аймақтарға, инженерлік-инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында мектептерді абаттандыру, салу жөніндегі жобаларға қатысты бірқатар тапсырмалар берді. 

  • 27.09.2023
  • 172
Шахаров А.Б.

Ақтөбе облысының әкімі

Шахаров А.Б.
(Мұрағат)

Ақтөбе облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика