- Блогтар
- Алимбаева Д.К.
Алимбаева Д.К.
«Қазгидромет» РМК бас директоры
ТМД ГМК-нің 34-ші сессиясы өтті
2023 жылғы 27 қыркүйекте Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Гидрометеорология жөніндегі мемлекетаралық кеңесінің (ТМД ГМК) 34-ші сессиясы ұйымдастырылды. Биыл ол Әзірбайжанның Баку қаласында бейнеконференция форматында өтті. Онлайн-кездесуге ТМД ұлттық гидрометеорологиялық қызметтерінің басшылары мен ТМД Атқарушы комитетінің өкілдері қатысты.
Сессияаралық кезеңде Қазақстан Республикасының өкілі - Ұлттық гидрометеорологиялық қызмет төрағалық етті. Жыл сайынғы сессия жұмыс мәселелерін талқылауға және ТМД елдерінің ұлттық гидрометеорологиялық қызметтері мен ТМД ГМК жұмыс топтары өкілдерінің сөз сөйлеуіне арналды.
Сессияның қорытындысы бойынша таяу перспективаға (2023-2024 жылдар) ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ұлттық гидрометеорологиялық қызметтерінің одан әрі өзара іс-қимылы айқындалатын шешімдер қабылданды.
- 29.09.2023
- 131