- Блогтар
- Ахметжанов М.М.
Ахметжанов М.М.
Ақмола облысының әкiмi
Бурабайда Дүниежүзілік туризм күні атап өтілді
27 қыркүйек күні бүкіл әлемде туризм күнін атап өтеді. 26 қыркүйек мерекесі қарсаңында Ақмола облысы Бурабай курортының аумағында жазғы туристік маусымды аяқтаған «Aqmola Tourism Event» салтанатты іс-шарасы өтті.
«Wyndham Garden Burabay» қонақ үйі салтанатты іс-шараның алаңына айналды. Мерекеге қоғам қайраткерлері, өңірдің туристік саласының көшбасшылары мен мемлекеттік және жеке ұйымдардың басшылары қатысты.
Ақмола облысы әкімінің орынбасары Азамат Тайжанов туризм саласының барлық қызметкерлерін құттықтап, сөз сөйледі.
"Баршаңызды Дүниежүзілік туризм күнімен құттықтаймын! Туризм -мәдени тәжірибе алмасудың, халықаралық байланыстар орнатудың және бейбітшілікті нығайтудың қуатты құралы. Үш мемлекеттік ұлттық табиғи парктің, ЮНЕСКО-ның Табиғи мұра тізіміне енгізілген бірегей Мемлекеттік Қорғалжын қорығының болуы бұл өңірді келушілер үшін өте тартымды етеді. Қазіргі жағдайда туризмді дамыту Ақмола облысының экономикасын әртараптандыру бағыттарының біріне айналуы мүмкін. Бүгінде кластерде 600-ден астам кәсіпорын бар, онда 18 мыңнан астам ақмолалық жұмыс істейді", - деп өз ойымен бөлісті Тайжанов.
Сондай-ақ, әкім орынбасары 2022 жылы өңірдің туристік объектілеріне 1,2 млн. астам адам келгенін атап өтті. Соңғы алты айда 7449 шетелдік адам болды. Ішкі туристік сапарлардың жалпы құрылымында Бурабай көш бастап тұр.
"Танымал курорттық аймақтың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін көлік инфрақұрылымының алты жобасын іске асыруға 5,9 млрд.теңге бөлінді. Ал 2023 жылы Зеренді курорттық аймағын 2025 жылға дейін дамыту жоспары әзірленді. Өңір кәсіпкерлері туризмді дамыту бойынша мемлекеттік қолдау шараларын белсенді қолданады. Ағымдағы жылы жалпы сомасы 105,1 млн. теңгеге 12 өтінім қолдау тапты", - деп қорытындылады Азамат Тайжанов.
Іс-шара барысында қызықты және табысты туроператорлар, өңірдегі туризмді дамыту және ілгерілету саласындағы орналастыру объектілері ретінде Инсар қонақ үйінің директоры Азамат Жанәбілов, "INTER HEALTH" компаниясының директоры Қымбат Қайдаров, "Rixos Borovoe" қонақ үйінің сату және маркетинг бөлімінің басшысы Шыңғыс Абылаев, "VIP" қайық станциясының директоры Саят Рақышев, "Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің рекреация және туризм жөніндегі маманы Виктория Жалтеева, ашық аспан астындағы "Ботай Бурабай" этнографиялық мұражайының экскурсоводы Вероника Антипова, Щучинск қ. жоғары техникалық колледжінің экскурсоводы Гүлдана Әбутрапова, "Бурабай ауданының туризм және демалыс қауымдастығының" директоры Сания Ахметова, "Бурабай даму" ЖШС мультимедиялық интерактивті кешенінің әкімшісі Мирас Өзбеков, "Нептун" қайық станциясының директоры Андрей Нестерук, "Dan-El" қонақ үй кешенінің директоры Руслан Асылбеков, "Рос профи" турфирмасының директоры Олеся Родина, "Көкшетау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің рекреация және туризм жөніндегі инженері Юрий Козеренко, "Zeren Tour" қонақ үй кешенінің директоры Әйгерім Сағдиева, Ақкөл балалар шығармашылық үйінің жанындағы "Қазақстан альпинисі" туристік үйірмесінің басшысы Александр Казаченко, "Бұйратау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағын қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторы Сүйіндік Көлбаев, Ақмола облысы спорттық туризм және туристік көпсайыс федерациясының спорттық туризм бойынша аға жаттықтырушысы Евгений Ефромов, Көкшетау қонақ үй-мейрамхана кешені директорының орынбасары Марлен Досмағанбетов және "Дружба" мәдени-туристік кешенінің директоры Александр Коренецкий алғыс хаттармен марапатталды.
Ақмола облыстық мәслихатының депутаты және "Орленок" ЖШС директоры Павел Безвербный, сондай-ақ Ақмола облысы кәсіпкерлік және туризм басқармасы туризмді талдау және мониторинг бөлімінің басшысы Мария Титова әкім орынбасарының қолынан төсбелгі алды.
"Құрметті бүгінгі іс-шараға қатысушылар, Құрметті әріптестер! Сіздерді Халықаралық туризм күнімен шын жүректен құттықтаймын! Менің еңбегімді, біздің үлкен командамыздың өңірдің туристік саласын қарқынды дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалағаныңыз, сондай-ақ жобаларымызды тұрақты қолдағаныңыз үшін алғыс айтамын! Біз бірге ең батыл амбицияларды жүзеге асырып, Ақмола облысының туристік тартымдылығын арттыра алатынымызға сенімдімін", - деді Павел Безвербный.
Мерекелік бағдарламаны Ақмола облысының туризм саласындағы жетістіктері туралы көрме стендтері мен концерттік қойылымдар толықтырды. Ал іс-шара қонақтарына өңірдің туристік әлеуеті туралы бейнеролик көрсетілді.
"Aqmola Tourism Event" іс-шарасының мақсаты – өңірдегі туризмді дамыту және ілгерілету саласындағы ең қызықты және ұтымды орналастыру объектілерін анықтау. Мұндай оқиғалар пікір алмасу мен баға жетпес тәжірибе үшін бірегей платформа қалыптастырады.
- 29.09.2023
- 147