• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ахметжанов М.М.
Ахметжанов М.М.

Ақмола облысының әкiмi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Красноярск өлкесі делегациясының Ақмола облысына сапары

27 қыркүйекте Ақмола облысына Ресей Федерациясының Красноярск қаласының мэрі Владислав Логинов бастаған делегациясы ресми сапармен келді. Бұл сапар Астана қаласында алғаш рет өткізіліп отырған "ИННОПРОМ. Қазақстан" халықаралық көрмесіне қатысу шеңберінде Қазақстанда болу бағдарламасының жалғасы болып табылады.

Сапар аясында делегация Ақмола облысы әкімінің орынбасары Азамат Тайжановпен, облыстық басқармалар мен ұйымдардың басшыларымен кездесті. Кездесуде сауда-экономикалық, мәдени, әлеуметтік және т. б. салалардағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мәселелері талқыланды.

Өңіраралық кооперацияны дамыту мақсатында ұйымдастырылған "B2B - екі өңір компанияларының кездесуі" дөңгелек үстелінде Ақмола және Красноярск компаниялары өндірілетін өнімнің экспорты-импорты бөлігінде өзара тиімді ынтымақтастықты жолға қою мәселелерін талқылады.

Ақмола облысы мен Ресей Федерациясы арасындағы сыртқы сауда айналымы 2023 жылғы қаңтар-шілдеде 349,1 млн. АҚШ долларын, оның ішінде экспорт – 106,1 млн. АҚШ долларын, импорт – 243,1 млн. АҚШ долларын құрады.

Өңірдегі ең ірі алтын өндіруші "Алтынтау Көкшетау" компаниясын, "Тыныс" қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің кәсіпорнын және "Eurasia Group Kazakhstan" кәсіпорнын аралап ауыл шаруашылығы машиналарын жасау саласының өндірістік процестерімен және өндірілетін өнімдерімен танысты. Сондай-ақ, отандық кәсіпорындар мен Красноярск "КраМЗ" ЖШҚ (алғашқы алюминийді жартылай фабрикаттар мен қорытпаларға қайта өңдеу), "КТК Группа" ЖШҚ (жол-құрылыс, коммуналдық, ауыл шаруашылығы және ағаш өнеркәсібі техникасын, тау-кен-байыту, шахта және компрессорлық жабдықтарды, бұрғылау жабдықтары мен құралдарын, жүк көтергіш крандарды, дискілі вакуум-сүзгілерді, қосалқы бөлшектер мен шығыс материалдарын жеткізу) арасындағы b2b-келіссөздерге қатысу аясында өзара тиімді ынтымақтастықты жолға қою мәселелері талқыланды.

Ақмола облысы мен Красноярск өлкесінің достық қатынастары бұрыннан жалағасып келеді. Бұған 1999 жылы жасалған сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық туралы келісім және 2023 жылғы наурызда жасалған бұрын жасалған келісімді іске асыру жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары дәлел бола алады.

Өткен жылы Ақмола облысының делегациясы Красноярск өлкесіне ресми сапармен барып, маңызды өңірлік іс-шара - Красноярск экономикалық форумына қатысты.

  • 29.09.2023
  • 180
Ахметжанов М.М.

Ақмола облысының әкiмi

Ахметжанов М.М.
(Мұрағат)

Ақмола облысының әкiмi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика