• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Нұрлан Ноғаев «Көкмойнақ» командасымен кездесті


Облыс әкімі «Ұлы дала жорығы»
республикалық марафонына қатысқан «Көкмойнақ» командасының қатысушыларымен кездесті, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Марафон қатысушыларымен кездесуге «Көкмойнақ» командасының мүшелері, ат иелері және команда бапкері Бекболат Талғатұлы, сондай-ақ белгілі велошабандоз Раббим Борашов қатысты. Ол жарыс бойы шабандоздармен бірге болып, қолдау көрсеткені үшін «Үздік жанкүйер» атанды. 

Нұрлан Ноғаев «Ұлы дала жорығы» марафонының ерекше маңыздылығына тоқталып, бұл жоба ұлттық рухты нығайтып, қазақ дәстүрлерін жаңғыртатынын айтты. 

- Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл іс-шараның ұлттық дәстүрлер мен мәдениетті жандандыру үшін маңызды екенін атап өтті. Ол «Ұлы дала жорығы» ұлттық рухты нығайтуға ықпал ететін жобаға айналғанын айтты. «Көкмойнақ»
командасы мәреге жете алмағанына қарамастан,  шабандоздарымыз да, олардың аттары да керемет табандылық танытты. Ал Адай жылқысы қысқа уақыт ішінде 1300 шақырым қашықтықты бағындырды. Бұл отандық  спорт тарихында қалатын,  халықтың мақтанышына айналатын оқиға болды, - деп атап өтті Нұрлан Ноғаев. 

Өңір басшысы маңғыстаулық шабандоздар мен жылқы иелеріне жалпы республикалық ат марафонына қатысқандары үшін алғыс хат табыс етті.

Естеріңізге сала кетейік, осы марафон барысында 1300 шақырым қашықтықты еңсеру жарысы өтті. Онда Маңғыстаулық шабандоз Мағжан Абдолұлы «Шағырайторы»  атты сәйгүлігімен мәреге бірінші болып келген еді.

  • 29.09.2023
  • 180
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика