- Блогтар
- Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.
Маңғыстау облысының әкімі
Ақтауда Нұрмұхан Жантөрин атындағы музыкалық драма театрының 20 жылдығына арналған кітап таныстырылды
Өңір басшысы Нұрлан Ноғаев Нұрмұхан Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық-драма театр ұжымымен кездесті. Жүздесуде труппа театрдың 20 жылдығына орай жарық көрген мерейтойлық «Жантөринше-Жаңғыру» атты кітабын таныстырып, еңбек ұжымының осы жылдар аралығында жеткен жетістіктерімен бөлісті, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Нұрмұхан Жантурин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық-драма театры-өңірдегі бес түрлі бағытты ұсынатын жалғыз кәсіби театр. Мұнда балалар, жасөспірімдер, музыкалық, драмалық және орыс театрлары бағыттары бар.
Биыл театрдың құрылғанына 20 жылдық мерекесі құрметіне «Жантөринше-Жаңғыру» кітабы жарық көрді.
Кездесуде облыс әкімі Нұрлан Ноғаев театр ұжымына Маңғыстау облысының мәдениетін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін алғыс білдірді.
-Нұрмұхан Жантөрин атындағы облыстық музыкалық театр ұжымын мерейтойымен құттықтаймын. Өнер жолындағы еңбегіңіз үшін ризашылығымды білдіргім келеді.
Биыл театр ғимаратының қасбетіне жөндеу жұмыстары жүргізіліп, гастрольге арналған автобус сатып алынады, - деп атап өтті Нұрлан Ноғаев.
Нұрмұхан Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық-драма театры 2003 жылдың 21 наурызында құрылған болатын. Алғаш сахнаның шымылдығы «Қыз Жібек» және «Томирис» спектакльдерімен ашылған еді.
Қазіргі таңда театрдың шығармашылық ұжымы Египет, Түрікменстан, Татарстан, Түркия және Беларусь сияқты түрлі елдердегі республикалық және халықаралық театр фестивальдері мен байқауларына белсенді қатысады.
Бүгінде театр репертуарында ересектерге арналған 100-ден астам спектакль және балаларға арналған 20-ға жуық қойылым бар. Актерлік құрамда 43 әртіс, ал жалпы ұжымда 135 адам қызмет атқарады. Театр ұжымының әртістері өз көрермендіріне күнделікті өнерден ләззат сыйлаудан жалықпайды.
- 29.09.2023
- 126