• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Нұрлан Ноғаев: азаматтық қоғамды дамыту - өңірдегі демократия мен ынтымақтастықтың іргетасы

Ақтауда өңір басшысы Нұрлан Ноғаевтың қатысуымен XI Азаматтық форум өтті. Онда қазақстандық қоғамның рухани және тұлғалық мәдениетіндегі халықтық дәстүрлердің рөлі басты тақырып болды, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Екі жылда бір рет ұйымдастырылатын Азаматтық форумға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет, Қазақстан Азаматтық альянсының президенті Бану Нұрғазиева, қоғамдық ұйымдардың басшылары, бизнес-құрылымдардың өкілдері, қоғам белсенділері, облыстық және қалалық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттары, сондай-ақ, өзге өңірлерден ішкі саясат басқармасының және қоғамдық қорлардың өкілдері қатысты.

Форумда филология ғылымдарының кандидаты Оңайгүл Тұржан, философия ғылымдарының докторы Тамара Асар, Маңғыстау облысының «Сәлем-Намасте» Үнді этномәдени қоғамдық бірлестігінің төрағасы Надежда Водадария және «Бала Арманы» қоғамдық қорының директоры Таңат Жолдыбай сөз сөйледі.

Тамара Асар өз сөзінде ұлттық дәстүрлерді сіңіре отыра бала тәрбилеуде бесік пен әлдидің маңызды екенін атап өтті.

-«Бесік» әр отбасының қасиетті жәдігері. Сол себепті бесік әрбір үйде мұқият сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып беріледі. Бесік нәрестенің алғашқы отауы, анасының құрсағынан кейінгі орны. Бесікте нәресте шошымай тыныш ұйықтайды, өйткені құндақтаулы, жөргегі құрғақ әрі таза болады. Сондай-ақ, бесікте жатқан сәби, бөгде шудан қорғаулы болады. Бұл оның денсаулығына оң әсер береді, дене бітімі ширақ, тың болып өседі. Сонымен қатар, бесік жырын тыңдаған бөбек бойына ұлттық рухпен, атадан мұра болып келе жатқан ғасырлық құндылықтарды сіңіріп өседі, - деді Тамара Асар.

Форумда сонымен қатар пікірталас алаңдары, жергілікті үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік жобалар көрмесі, шеберлік сыныптары және қолөнершілер жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Нұрлан Ноғаев өз кезегінде азаматтық қоғамды қолдау мен нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

-Бүгінде мұнда жиналғандар үкіметтік ұйымдарды құрып қана қоймай, өздерінің ар-ождан сезімдерімен азаматтық белсенділіктерінің арқасында мұқтаж жандарға қол ұшын созып келеді. Көмек көрсету ол тек материалдық қолдау ғана емес, сонымен бірге дер кезінде айтылған жылы сөз. Үкіметтік емес ұйымдармен тәжірибемнен олардың азаматтық қоғамның дамуына үлкен ықпал ететінін білемін. Біз Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Үкіметтік емес ұйымдарға және оларды құруға ниет білдіргендерге қажетті қаржылық, әкімшілік, құқықтық және кеңестік қолдау көрсетеміз, - деп атап өтті Нұрлан Ноғаев.

Маңғыстауда 780 үкіметтік емес ұйым тіркелген, олардың 120-ға жуығы белсенді жұмыс істейді. Форум соңында жергілікті ҮЕҰ басшылары азаматтық қоғамның дамуына қосқан зор үлесі үшін облыс әкімінің атынан марапат алды.

Марапатқа ие болғандардың қатарында 2019 жылдан бері өңірдің мәдени және шығармашылық өміріне белсенді қатысып келе жатқан «Aktown» жастар шығармашылық бірлестігі бар.

Бастамашыл топ ретінде олар 40-тан астам жас орындаушылардың авторлық композицияларына бейнеклиптер түсіріп үлгерген. Ұйым сонымен қатар кәсіби бағдар беру, менталдық денсаулық, жастар өкілдерінің көшбасшылық қасиеттерін дамыту сияқты маңызды тақырыптар бойынша оқыту тренингтерін өткізеді.

«Риза ана» қоғамдық қоры жалпы аналар мен жастардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған. 2016 жылы негізі қаланған бірлестік, бүгінде аналарға кәсіби дағдылар үйретуді жалғастыруда.

«Typkaragan jastary» қоғамдық қоры облыс жастары арасында көшбасшылық әлеуетті қалыптастыруға бағытталған. 2022 жылы ұйым "Zhas project" жобасын сәтті жүзеге асырып, өз бизнесін ашқысы келетін 63 жас кәсіпкерге бір миллион теңге көлемінде грант берді.

  • 02.10.2023
  • 192
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика