• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Маңғыстау ауданы 95 жылдық мерейтойын атап өтті

Шетпе ауылында Маңғыстау ауданының 95 жылдық мерейтойын атап өтті. Шара аясында «Қарашаңырақ» стеласының және жаңа жаяу жүргіншілер жолының ашылуы болды. Сонымен қатар, іс-шара аясында Жыңғылды, Шайыр, Шебір және Шетпе ауылдарының амбулаторияларына арналған автокөлік кілттерін тапсыру рәсімі ұйымдастырылды, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Салтанатты шара «Қарашаңырақ»стеласының ашылуымен басталды. Ауылға кіре берісте орналасқан стеланың ашылуына ауыл тұрғындары мен ақсақалдар және аты аңызға айналған спортшы Әмин Тұяқов пен ауданның құрметті азаматтары қатысты.

Сонымен қатар, «Қарашаңырақ» стелласы мен аудандық аурухананы жалғайтын ені үш метр ал ұзындығы төрт шақырым болатын жаңа жаяу жүргіншілер жолы пайдалануға берілді.

Мерекелік іс-шара одан әрі Әмин Тұяқовтың старт беруімен басталған жүгіру марафонымен жалғасты. Онда әйелдер үш, ал ерлер төрт шақырымды бағындырды.

Жүгіру жарысынан соң бүркіттер мен шабандоз аттардан құралған «Шежіреден сыр шерткен» салтанатты шеруі өтті.

Орталық аллеяда таңертеңгі уақыттан бастап, 17 киіз үй тігілді және бауырсақ-пати ұйымдастырылды. Келген қонақтар қымыз, шұбат ішіп, мерекелік палаудан дәм татты.

Қорытынды іс-шара Тамара Асар, Ақылбек Жеменей, Айгүл Қосанова, Бауыржан Ретбаев, сондай-ақ жергілікті әртістер мен бишілер өнер көрсеткен концертпен аяқталды.

Мерекелік кеште Жыңғылды, Шайыр, Шебір және Шетпе ауылдарының амбулаторияларына, сондай-ақ «Дария» кәсіпорнымен Қызылсай мемлекеттік өңірлік паркіне арналған автомобиль кілттерін тапсыру рәсімі өтті. Жыл соңына дейін балалар тасымалына арналған алты автобус беру жоспарланған.

Кеште өңір басшысы Нұрлан Ноғаев аудан тұрғындарын мерейтойымен құттықтап, ақ тілегін жеткізді.

-Бүгін біз Маңғыстау ауданының 95 жылдық мерейтойын атап өтудеміз, бұл бәріміз үшін қуанышты мереке. Маңғыстау ауданы біздің облысымыздың «Қара шаңырағы» болып саналады. Осы маңызды іс-шара қарсаңында ауданда халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған көптеген қайырымдылық науқандары ұйымдастырылуда және бұл істер әлі де жалғасатын болады. Маңғыстау ауданы өркендей берсін, - деп құттықтауын білдірді өңір басшысы Нұрлан Ноғаев.

Маңғыстау ауданында жыл басынан бері мерейтой аясында ауданның 9 елдімекені мен 12 ауылында он бағыт бойынша «95 жылға арналған 95 игі іс» жобасы іске асырылуда.

Жоба аясында Маңғыстау ауданында жыл соңына дейін бірнеше жұмыстар жоспарланған. Олар:

▪️Бекі елді мекенінде жаңа 100 орындық мектеп салу;
▪️Шетпе ауылында 600 орындық мектеп, сондай-ақ Алшын Меңдалыұлы атындағы мектепке 200 орындық қосымша құрылыс қарастырылған;
▪️Тұщыбек ауылында тағы 160 оқушыға арналған қосымша нысан салу;
▪️Сайөтес ауылында 200 адамға арналған мәдениет үйінің құрылысы;
▪️Қызан ауылы әкімдігінің жаңа ғимаратын және басқа да маңызды нысандарды алады.

  • 02.10.2023
  • 173
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика