• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Маңғыстауда әлеуметтік қызметкерлер марапатталды

Ақтауда қалалық мәслихат депутаттарының ұйымдастыруымен қаланың 60 жылдығына арналған мерекелік концерт өтті. Кеште әлеуметтік қызметкерлерге арналған «Ерекше жандар емшісі» атты іс-шара ұйымдастырылып, өңір басшысы Нұрлан Ноғаев оларды арнайы құттықтады, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Құттықтау сөзінде Нұрлан Ноғаев әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі – кәсіби дағдылармен қоса, жоғары адами қасиеттерді, үлкен жауапкершілікті талап ететін сала екенін атап өтті.

- Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау жүйесі үнемі жетілдіріліп отырады. Біз әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінің желісін кеңейтіп, мұқтаж жандарға түрлі қолдау шараларын көрсетеміз. Сіздердің осы саладағы еңбектеріңіз, еліміздегі әлеуметтік саясатты тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде адам құқықтарын қорғаудың және қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз етудің көрінісі іспетті. Сіздер Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, асыраушысынан айырылған отбасыларға, мүгедектерге, жетімдерге, жалғызбасты зейнеткерлерге және көмекке мұқтаж аз қамтылған азаматтарға қамқорлық жасайсыздар. Мемлекет халыққа әлеуметтік қорғау саласында үнемі қолдау көрсетіп отырады және бұл игі іске үкіметтік емес ұйымдар, медициналық мекемелер, кәсіпкерлер және басқа да бей-жай қарамайтын азаматтар белсенді қатысады. Сіздердің еңбектеріңіздің арқасында қиын жағдайға тап болған азаматтар қажетті қолдау тауып, болашаққа сенімі артады, - деп атап өтті өңір басшысы Нұрлан Ноғаев.

Салтанатты шарада облыстың үздік әлеуметтік қызметкерлеріне алғыс хаттар мен құрмет белгілерін тапсыру рәсімі өтті. Сондай-ақ, осы саланың 40-тан астам қызметкерлері қалалық мәслихат төрағасы Сенбіғали Зәкеновтың қолынан марапат алды.

Марапатқа ие болғандардың бірі-облыстық мамандандырылған балалар үйінің директоры Сару Ермұханова. Ол қызмет атқаратын мекемеде қазіргі таңда 27 бала тәрбиеленеді және 40-тан астам қызметкер жұмыс істейді. Балалардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында мекемеде волейбол, үстел теннисі, тігін, шахмат сияқты түрлі үйірмелер мен сабақтар ұйымдастырылған. 

Сондай-ақ тәрбиеленушілер спорт секцияларына қатысуға, аспаз курстарынан өтуге, ағылшын тілін үйренуге, хореографиямен айналысуға, қазақша күреске және садақ атуды үйренуге мүмкіндіктері бар. 

Марапат алғандардың қатарында №1 Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында бес жылдан бері кір жуумен айналысатын Несібелі Сарыева да бар. Оның жұмыс орнында бүгінде 248 адам оңалтудан өтуде. Ұйым қызметкерлерінің жалпы саны 168 адам.

Қазақстанда әлеуметтік қызметкерлер күні-2011 жылдан бері тойланатын, ең жас кәсіби мерекелердің бірі. 

Іс-шараға қатысушылар әлеуметтік сала қызметкерлері - адам мәселемен бетпе-бет қалғанда, бірінші болып көмек қолын созатын абзал жандар екенін атап өтті. 

Қазіргі уақытта Маңғыстауда мүгедек балалары бар отбасыларды қоса алғанда, 500 отбасына қолдау көрсететін 600-ге жуық әлеуметтік қызметкер жұмыс істейді.

  • 03.10.2023
  • 168
Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика