• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ахметжанов М.М.
Ақмола облысында өңірлік азаматтық форум өткізілді

Ақмола облысында спорттық, ғылыми-білім беру, жастар, қайырымдылық бағытындағы ерекше қажеттіліктері бар адамдармен өзара әрекеттесу жөніндегі 600 үкіметтік емес ұйым бар.
Қазақстанның кезекті ХІ азаматтық форумы аясында Көкшетауда "Әлеуметтік мәселелерді шешу үшін өңірлік ресурстарды біріктіру" атты өңірлік форум өтті.

Іс-шараға облыс әкімі Марат Ахметжанов, Қазақстан Азаматтық альянсының президенті Бану Нұрғазиева, ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Данияр Қадыров, азаматтық қоғам институттары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Өңір басшысы өзінің құттықтау сөзінде азаматтық қоғам институттарын дамыту - еліміздің стратегиялық міндеті екенін атап өтті.

"Азаматтық сектор табиғаты бойынша қоғамның әртүрлі секторлары арасында делдал ретінде әрекет етуге, проблемаларды анықтауға және жекелеген әлеуметтік топтардың мүдделерін зерттеуге арналған. Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев әрқашан "Мемлекет пен қоғамның диалогына" ерекше назар аударады.

Кеше ғана Мемлекет басшысы азаматтар мен үкіметтік емес ұйымдардың мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметіне мониторинг пен бағалауға қатысуына неғұрлым кең мүмкіндіктер бере отырып, елдегі азаматтық қоғамның рөлін нығайтатын "Қоғамдық бақылау туралы" маңызды заңға қол қойды» - деп атап өтті М.Ахметжанов.

Пленарлық отырыс барысында азаматтық сектор өкілдерінен – ғылыми-зерттеу зертханасының басшыларынан «Ш. Уәлиханов» атындағы Көкшетау университеті" КеАҚ қауымдастырылған профессорынан Г. Рақишева, "Әділдік жолы" РҚБ филиалы Е. Жайықбаев, "Kazakhstan Innovations" ҚҚ М. Әбішева және т. б. бірқатар баяндамалар тыңдалды.

Іс-шара соңында еліміздің мемлекеттілігі мен егемендігін нығайтуға елеулі үлес қосқан үздік ҮЕҰ облыс әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.

Айта кетсек, форумның бірінші бөлімінде 4 панельдік сессия, диалог алаңдары өтті. ҮЕҰ өкілдері пікір алмасуға мүмкіндік алды, бұдан әрі бірлесіп жұмыстар жүргізу үшін бірқатар ұсыныстар әзірленді.

  • 05.10.2023
  • 185
Ахметжанов М.М.
(Мұрағат)

Ақмола облысының әкiмi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика